Жүзу жабылады

548
көрілім

Қараша айында Шығыс Қазақстандағы суқоймалар мен Ертіс өзенінде су көліктерінің қозғалысы тоқтатылады. Алғашқыда кеме жүзу Семей қаласы аймағында, сәл кейінірек суқоймалардың басқа бөліктерінде жабылмақ, деп хабарлайды газет тілшісі YK-News.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан су жолдары" РМҚК-сі Жоғарғы Ертіс филиалы шегінде келесі учаскелерде кеме қозғалысының тоқтайтынын хабарлайды:

  • Тұғыл айлағы — Құйған айлағы — 3 қарашадан бастап;
  • Құйған айлағы — Бұқтырма ГЭС-і — 7 қарашадан бастап;
  • Бұқтырма ГЭС-і — Өскемен ГЭС-і — 7 қарашадан бастап;
  • Өскемен ГЭС-і — Төменгі Лопатинский қайраңы — 5 қарашадан бастап;
  • Төменгі Лопатинский қайраңы — Төменгі Азово қайраңы — 5 қарашадан бастап;
  • Төменгі Азово қайраңы — Шүлбі ГЭС-і — 5 қарашадан бастап.

Естеріңізге салсақ, біз бұған дейін Шүлбі ГЭС-і — Семей қаласы, Семей қаласы — Майтүбек учаскелерінің екінші қарашадан бастап жабылатыны жайында жазған болатынбыз.

Бұдан бөлек, 8 қарашадан бастап Бұқтырма және Өскемен шлюздері де өз жұмыстарын тоқтатады. Шүлбі шлюзі қорғаныс гидротехникалық нысанының салынуына орай қазіргі уақытта жабық.

Ерлен ОСМАНОВ