Зорлық әрекеттері көбінде балаларға жасалады - ШҚО Прокуроры Алмат Байшолақов

1048
көрілім

Облыстық Прокуратура аумағында кәмелеттік жасқа толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты мәселе көтерілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алмат Мұратұлының айтуынша, күш көрсетіп, бозбала, жасөспірімді былай қойып, балардың өзін зорлау әрекеттері республика көлемінде құқық қорғау органдарын тегіс алаңдатуда. Аталған статистика Шығыс Қазақстан бойынша да мәз емес.
- Соңғы бес жылға зер салсақ, жағдай шынымен-ақ алаңдайтындай. Кәмелеттік жасқа толмағандарды алып қарасақ, 2018 жылы осыған қатысты 70 қылмыс жасалды, 18-і зорлау әрекеттері. 2019-20 жылдары сәл саябырсығанмен, 2021 жылдан бастап қайта ушықты, - деді ШҚО Прокуроры Алмат Байшолақов.