Басты - Бұқара | ШҚО жаңалықтары

Катонқарағай ауданындағы әуежай құрылысы келесі жылы аяқталады
Сөзінше, қазір Шығыс Қазақстан облысының Зайсан және Катонқарағай аудандарында жаңа әуежайлар салынып жатыр. Сондай-ақ Маңғыстау облысындағы Кендірлі ауылында тағы бір әуежайдың құрылысы жүргізілуде.

- Бұл әуежайлардың құрылысы 2024 жылы басталды. Зайсандағы әуежайдың құны шамамен 68 млрд теңге, Кендірлідегі әуежайға 69 млрд теңге, ал Катонқарағайдағы әуежайға 89 млрд теңге жұмсалады. Зайсан ауданындағы әуежайдың құрылысын биылғы жылдың соңына дейін толық аяқтаймыз. Катонқарағайдағы әуежай құрылысын 2027 жылдың ақпанында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Кендірлідегі әуежайдың құрылысы да 2026 жылдың соңына дейін аяқталады, – дейді Нұрлыбек Нәлібаев.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары құрылыс аяқталғаннан кейін әуежайларды пайдалануға беру үшін тиісті құжаттарды рәсімдеп, лицензиялар алу қажет екенін айтты. Сондықтан жаңа әуежайлар жолаушылар мен әуе кемелеріне 2027 жылдың бірінші жартыжылдығында қызмет көрсете бастайды.

Түрік компаниялары ШҚО-дағы инфрақұрылымдық жобаларға қызығушылық танытты
Түрік компанияларының портфелінде Анкара-Сивас жоғары жылдамдықты теміржол желісінің жекелеген учаскелері, автокөлік жолдары мен тоннельдер құрылысы, Түркиядағы су, жел және күн электр станцияларының жобалары бар. Ал қазақстандық серіктес компанияның Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (БАКАД) құрылысына және ірі өнеркәсіптік нысандардағы жұмыстарға қатысу тәжірибесі бар.
Кездесу барысында бизнес өкілдері Шығыс Қазақстандағы құрылыс жобаларына жергілікті компаниялармен бірлесіп қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Ынтымақтастық консорциумдар құру, бірлескен кәсіпорындар ашу және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Нұрымбет Сақтағанов түрік мамандарының құрылыс саласындағы тәжірибесін атап өтіп, өңірдің инфрақұрылымын дамыту бағытында өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін жеткізді.
– Шығыс Қазақстан - өнеркәсіптік әлеуеті жоғары аймақ, ал Қазақстан мен Түркия арасындағы тығыз қарым-қатынас іскерлік байланысты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Біз ұсынылған әр жобаны мұқият зерделеп, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге әзірміз, - деді аймақ басшысы.

Өскеменде Сәтбаев даңғылындағы жаңа жолайрықта көлік қозғалысы ашылды
Сәтбаев, Есенберлин даңғылдары мен Базовая, Жібек жолы көшелерінің қиылысында орналасқан жаңа жолайрық қаланың көлік көп жүретін учаскесіндегі жүктемені азайтып, тұрғындардың күнделікті қатынау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Көлік қозғалысы құрылыс жұмыстарының дайын болуына қарай кезең-кезеңімен ашылады. Қозғалысқа берілген бөлікте қажетті жол белгілері орнатылып, жолдың бөлу жолағына қосымша бағыттаушы бағандар қойылды. Бұл учаскеде көлік жылдамдығы сағатына 40 шақырыммен шектелген.

Бірнеше күн бұрын ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жолайрықтың жай-күйімен және аяқталып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысқан болатын. Қазіргі уақытта жол төсеміне деформациялық жіктерді орнату және нөсер кәрізі жүйесін жабдықтау жұмыстары қалған. Бұл элементтер құрылымның температура ауытқуларына төзімділігін қамтамасыз етіп, жаңбыр және еріген қар суын уақтылы бұруға мүмкіндік береді.

Деформациялық жіктер 8 қарашада жеткізіледі деп күтілуде. Оларды орнату жұмыстары эстакаданың әр бөлігінде кезекпен жүргізіліп, көлік қозғалысы толық тоқтатылмайды. Жұмыс барысында автокөліктер уақытша қозғалыс сызбасына сәйкес бағытталады.

Ауа райы қолайлы болса, жолайрықтың Есенберлин даңғылына қарай бағытталған екінші бөлігінде техникалық қозғалысты қараша айының соңына дейін ашу жоспарланып отыр. Ал деформациялық жіктерді орнату жұмыстарын толық аяқтап, екі бағытта да тұрақты көлік қозғалысын желтоқсан айының басында іске қосу көзделген.

Осы ретте, жүргізушілерден жылдамдық шектеуін сақтап, жол белгілері мен уақытша қозғалыс сызбасын басшылыққа алу сұралады.

ШҚО-да алдағы үш күнде қар жауады
Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
3 қарашада шығыста атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (негізінен қар түрінде) мен көктайғақ құбылыстары болжанады.
Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман күтіледі. Ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.

ШҚО-да Қазақстандағы ең биік автокөлік көпірі ашылды
ҚР Президентінің тапсырмасымен Шығыс Қазақстан облысында Тереңсай (Осинов) асуын айналып өтетін жаңа жол мен Пихтовка өзені арқылы салынған көпір ашылды. Бұл жоба өңірдегі жол қозғалысының қауіпсіздігін арттырып, елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Тік тау беткейлері, терең шатқал мен күрделі табиғи жағдай - жол құрылысы кезіндегі ең қиын сынақтардың бірі. Осындай жағдайда салынған жаңа көпір - инженерлік шешімдердің нақты нәтижесі. Пихтовка өзені арқылы өтетін, ұзындығы 175 метрлік көпір шатқалдан 45 метр биіктікте орналасқан.

️Салтанатты ашылу рәсіміне Үкімет басшысының тапсырмасымен өңірге келген ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев қатысты.

- Мемлекет басшысы жолдардың сапасы мен көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Оның тапсырмаларының орындалуы халық үшін нақты нәтижесін беруі керек. Яғни жол қауіпсіздігі артып, елді мекендер арасындағы жол жүру уақыты қысқаруы тиіс. Жаңа айналма жол бұралаңы көп тау жолын айналып өтуге мүмкіндік береді. Қашықтықтары алшақ, қысы қатал Шығыс Қазақстан үшін бұл аса маңызды, - деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев.

Тереңсай асуы ұзақ жылдар бойы жүргізушілер үшін жолдың ең күрделі учаскелерінің бірі болып келді. Әсіресе қыс мезгілінде қарлы боран мен көктайғақ жол қозғалысын қиындатып, көліктердің жүруіне уақытша шектеу қоюға себеп болатын. Асудағы тік бұрылыстар мен өрлер де жүргізушілерден ерекше сақтықты талап ететін.

Енді бұл бағытта бет алған көліктер жаңа жолмен жүреді. Ұзындығы 12 шақырымға жуық айналма жол көліктерге қауіпті серпантинге соқпай, асуды айналып өтуге мүмкіндік береді. Жаңа бағыт жол жүру уақытын қысқартып қана қоймай, жол-көлік оқиғалары қаупін азайтуға, жолаушылар мен жүк тасымалының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қолайсыз ауа райы кезінде көлік қозғалысын тоқтатпауға ықпал етеді. Осылайша, Өскемен қаласы мен Алтай, Үлкен Нарын және Катонқарағай аудандары арасында жол жүру жеңілдей түспек.

Жаңа жолдың пайдалануға берілуі Бұқтырма су қоймасына, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне және «Рахман қайнарлары» шипажайына баратын жолды да қолайлы ете түседі. Бұл өңірдің табиғаты көркем жерлеріне келетін туристер санын арттыруға да ықпал етуі мүмкін. Ең бастысы, жол инфрақұрылымының жақсаруы шалғай елді мекендерге жетуді жеңілдетіп, Шығыс Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік байланыстардың нығаюына жағдай жасайды.

Қазақстандағы ең биік автокөлік көпірінің ашылуы - Шығыс Қазақстан үшін маңызды инфрақұрылымдық оқиға. Күрделі жер бедерінде бой көтерген көпір енді жүргізушілерге қауіпсіз бағыт ұсынып, өңірдегі көлік қатынасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Одан соң ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары мен аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов Бұқтырма гидроэнергетикалық кешенінің жұмысымен танысты. Олар станцияның өндірістік әлеуетін, энергетикалық жабдықтардың жаңғыртылу барысын және алдағы даму жоспарларын көрді.

Бұқтырма гидроэнергетикалық кешені - еліміздің энергетика саласындағы стратегиялық маңызы бар нысандардың бірі. Ол Шығыс Қазақстан облысының энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуде ерекше орын алады. Станция өндірілетін электр энергиясымен «Казцинк» компаниясының бірқатар кәсіпорындарын және өңірдегі елді мекендерді қамтиды.

Гидроэлектр станциясының құрылысы 1953 жылы басталып, 1960 жылдың тамызында алғашқы гидроагрегат іске қосылған. Бүгінде мұнда әрқайсысының қуаты 75 МВт болатын тоғыз гидроагрегат жұмыс істейді. Су электр станциясының белгіленген қуаты - 675 МВт. Ұзындығы 380 метр, биіктігі 90 метр болатын бөгет 8 балдық жер сілкінісіне төтеп беруге есептелген.

Кешеннің өндірістік көрсеткіштері де жоғары. 2025 жылдың қорытындысы бойынша станция 3 млрд кВт·сағат электр энергиясын өндірген. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 30 пайызға артық.

Нысанды аралау барысында жабдықтарды жаңғырту жұмыстарына да ерекше назар аударылды. Энергетикалық инфрақұрылымның сенімділігін арттыру мақсатында «Казцинк» компаниясы негізгі және қосалқы жабдықтарды жаңартуға 21,4 млрд теңге инвестиция салған. Жоба аясында гидроагрегаттардың жұмыс дөңгелектері мен басты күштік трансформаторлар ауыстырылып, 220 кВ кернеуге арналған жаңа элегазды тарату құрылғысы пайдалануға берілген.

Сонымен қатар гидрогенераторлар статорларының орамдарын ауыстыру жобасы жүзеге асырылуда. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде станцияның белгіленген қуаты 45 МВт-қа артқан. Бұл - қолданыстағы энергетикалық әлеуетті тиімді пайдалануға және электр энергиясын өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін маңызды қадам.

Кешенде өндірістік процестерді цифрландыруға да басымдық беріліп келеді. 2019 жылы орнатылған заманауи цифрлық басқару пульті технологиялық параметрлерді бақылауға және гидроагрегаттардың қуатын реттеуге мүмкіндік береді. Қазір жаңа буындағы жоғары вольтты ажыратқыштарды орнату жұмыстары жалғасуда. Алдағы уақытта гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін автоматты бақылау және диагностикалау жүйесін енгізу, гидрогенераторларды одан әрі жаңғырту жоспарланған. ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары «Казцинк» компаниясының басшылығына Бұқтырма СЭС-ін жаңғырту және станция қызметкерлерінің жалақысын көтеру жөнінде тапсырма берді.

Содан кейін Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өскемен қаласында заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандырылған Гематология орталығының ашылу салтанатына қатысты. Жаңа медициналық мекеме Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарының тұрғындарына күрделі гематологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуге арналған мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетеді.

Ауқымды жобаның құрылысы 2020 жылы басталған болатын. 2025 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен нысан құрылысын аяқтауға Арнайы мемлекеттік қордан 34 млрд теңге бөлінді. Жаңа медициналық кешеннің жалпы аумағы 38 мың шаршы метрден асады. Инфрақұрылым құрамына 148 орынға арналған негізгі емдеу корпусы, пациенттер мен оларды алып жүретін адамдарға арналған пансионат және инженерлік жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін техникалық блок кіреді.

Орталық әлемнің жетекші өндірушілерінің заманауи диагностикалық және емдеу жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Мұнда 256 тілімді компьютерлік томограф, жоғары қуатты ангиографиялық жүйелер және дің жасушаларын өсіруге арналған зертханалар орнатылған.

Жоғары технологиялық жабдықтар онкогематологиялық аурулар мен қан тамырлары патологияларын дәл диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар орталықта сүйек кемігін трансплантациялау сияқты күрделі медициналық рәсімдерді жүргізу қарастырылған.

Орталықтың медициналық және техникалық қызметкерлері де жұмысқа дайындалды. Дәрігерлер, инженерлер мен медбикелерден тұратын 35 маман жетекші республикалық және шетелдік клиникаларда оқудан өтті.

Айта кетейік, жаңа Гематология орталығының іске қосылуы Шығыс Қазақстандағы денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға, күрделі ауруларды ерте анықтау мүмкіндіктерін кеңейтуге және тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етпек.

ШҚО-да демалыс күндері қар жауып, көктайғақ болады
Күндіз қарлы боран мен көктайғақ болады.

Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігі мен шығысында тұман болуы ықтимал. Күндіз солтүстік пен шығыста жел екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді деп күтілуде.

Өскеменде түнде және таңертең қар мен көктайғақ болады.

Мамандар көліктері қыс мезгіліне жарамсыз жүргізушілерге елдімекендерден тыс жерде жүрмеуге кеңес береді. Сондай-ақ ұзақ сапарларға шығар алдында сүйреу арқанын, қосымша жанармай, күрек, жарықшам, алғашқы медициналық көмек жинағын, жылы киім мен тамақ алуды ұсынады.

Тайғақ жолдарда жылдамдық шегін асырмай, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажет.

«Қауіпсіз болса, ашыңыздар»: Нұрлыбек Нәлібаев Өскемендегі жолайырық құрылысымен танысты
Ол мердігерлерге жұмыс сапасы мен жол қозғалысы қауіпсіздігіне басымдық беруді тапсырды. Нұрлыбек Нәлібаев құрылысты белгіленген мерзімнен кешіктірмей аяқтау керектігін атап өтті. Айтуынша, нысанды пайдалануға беру кезінде адам өміріне қауіп төнбеуі ескерілуі қажет.

– Сапаға қатты мән беріңіздер. Егер көлік қозғалысына кедергі келтіріп, адам өміріне қауіп төнсе, нысанды толық аяқтаған соң ғана ашу қажет. Ал қауіпсіздік талаптары сақталса, жолды кезең-кезеңімен ашуға болады. Жазда келгенімде өтініштеріңізді тыңдап, Үкімет басшысына жеткізген болатынмын. Қаражат бөлінді, енді жұмысты сапалы атқарыңыздар, – деді Нәлібаев.

Бұған дейін жол айырығын келесі жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға беру жоспарланған. Алайда Премьер-министрдің бірінші орынбасары құрылысты созбай, келер жылдың көктемінде аяқтауды тапсырды.

– Қаражат жеткілікті. Биыл тағы 16 миллион теңге бөлдік. Екінші жартыжылдықты күтпей, мамыр айында аяқтаңыздар. Сәуірде күн жылынса, асфальт төсеу жұмыстарын бастауға болады. Оған дейін қалған ұсақ жұмыстарды толық бітіріп алыңыздар. Көпір сапасы жақсы болуы керек. Бұл – халықтың көптен күткен жобасы. Ең бастысы, жол тұрғындар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз болсын, – деді ол.

Белгілі болғандай, жол айырығы құрылысының жалпы құны – 36,8 млрд теңге. Қазір жобаның 71 пайызы орындалған.

– Жобаны толық аяқтау үшін тағы 11 млн теңге қажет. Осы аптада Еуропадан қажетті құрылғылар жеткізіледі. Жолды кезең-кезеңімен ашуды жоспарлап отырмыз. Алдымен Сәтпаев даңғылын, кейін көлік ағыны көп әрі кептеліс жиі болатын Есенберлин даңғылын ашу көзделген, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Сапар барысында Нұрлыбек Нәлібаев өңірдегі автомобиль жолдары сапасына да назар аударды. Оның сөзінше, Мемлекет басшысы тапсырмасымен жол сапасын қадағалап, бақылау үшін арнайы комиссия құрылған. Оның құрамына ғалымдар, Құрылтай депутаттары мен жол саласы мамандары кірген. Премьер-министрдің бірінші орынбасары жол құрылысы мен жөндеу кезінде сапа талаптарын қатаң сақтауды тапсырды.

Қазір шаһарда 133 мың көлік тіркелген. Жаңа жол айырығы қаладағы көлік кептелісін азайтып, қозғалысты жеңілдетуге ықпал етеді деп күтілуде.

Айта кету керек, жол айырығының құрылысы 2023 жылы басталды. Жоба 39 айға жоспарланған және үш кезеңнен тұрады. Қазіргі мәлімет бойынша, кірме жолдары бар айналма жол құрылысы 95 пайызға, жол өткелдері мен көпір құрылысы 61 пайызға, ал айналма жол құрылысы 47 пайызға орындалған.

Әдемі АМАНГЕЛДІ

Аудан жабылғанда Назарбаевқа хат жазған Сейітзада Ластаев туралы не білеміз?
Журналистикадағы жемісті жылдар

Қазір газет оқуға құлшынысы бар қауым қатары сиреген. «Қайда жұмыс істейсің?», «Газетте, журналиспін» десең, қойылар сұрақ біреу: «Оны оқитын адам бар ма қазір?». Ары қарай жұрт бойына уыттай таралып үлгерген әлеуметтік желінің қуаты, ауыл-аймақтағы ат төбеліндей аз оқырманның адалдығын айтсаң ақталғандай боласың. Бірақ газеттің өз оқырманы бар. Біреуді міндеттеп, «оқырман тауып бер» деп әкімдікке қолқа салғанның өзінде бұрынғыдай күштеп оқыту мүмкін емес. Дегенмен қазіргі жағдайды былай ысырып, ел-жұрт хабар-ошарды хат жазу арқылы жеткізген шаққа оралсақ, мерзімді басылымның қуаты көпшілік ойлағаннан әлдеқайда күшті болды. Біз қамтығалы отырған кейіпкер де баспасөз майданында алғы шепте жүрген азамат еді. Қабырғада кіндік қаны тамып, жұмыс бабымен бірнеше ауданда аялдаған Сейітзада Ластаев журналистік жұмыспен ғана шектелген жоқ. Бұл туралы оның ұлы Әмір Ластаев кеңінен әңгімелеп берді.

Әмір Сейітзадаұлы

Жаз ортасында жарияланған материалда ол туралы еміс-еміс жазылды. Осы жолы оның аудан үшін маңызды мәселелерді қаузаған қайраткерлігі де көрініс бергелі отыр.
– Әкем 1930 жылдың шілдесінде Катонқарағай ауданының Қабырға ауылында өмірге келді. 1941 жылы соғыс басталғанда 4-сынып оқып жүріп еңбекке араласты. Майдандағы қиян-кескі айқас аяқталғанша, төрт жыл жұмыс істеді. Содан үзіліп қалған оқуын қайта жалғады. Төрт жылдың бағдарламасын қуып жетуді мақсат қылған. Күндіз-түні сабақ оқимын деп шашы түгелдей түсіп қалды. Зорығып кеткен болуы керек, – деді Әмір Сейітзадаұлы.
Осы туралы газеттің өткен нөмірлерінде жазған болатынбыз. Көбі соғыс жылдарындағы фрагмент. «Бәрі майдан үшін», «Бәрі жеңіс үшін» деген ұран төңірегіндегі тірлік. Елдегі еркек кіндікті – қаралы, әйелдер – үрейлі, бала жүрегі жаралы жылдар еді. Содан тұтас оқиға тосыннан қылаң бермес үшін әңгіме әлқиссасында қысқаша ой жүгіртуді жөн көрдік. Мектепті сәтті аяқтап, журналист боламын деп Алматыға аяқ басқанда сәтсіздік торына түсіп, емтиханнан жоғары балл жинаса да, дегені болмады. Ол кезде соғыстан қайтқан солдаттарға жеңілдіктер болған, сосын «Алтын медаль» иегерлеріне жол ашылды. Сағы сынып, көңіліне қаяу түскенде тағдырдың жазуымен қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына түсті. Төрт жыл білім алып, аяқтаған соң оқытушылардан сонда мұғалім болып жұмыс істеуге ұсыныс та түскен екен. Дегенмен анасынан «балам, ауылға қайт» деген хабар жеткен соң «Қайдасың, туған жер?» деп көп аялдамай жолға шығып кетті.

Сейітзада Ластаев

– Бірақ ол мектепке бармай, бірден редакцияға жол тартты. Бұл 1955 жылдар. Алғашында жауапты хатшы, екі жылдан соң «Арай – Луч» газетінің редакторы болып тағайындалды. 1961 жылға дейін жұмысын алаңсыз жалғастырып, сол уақытта Катонқарағай ауданы жабылды деген жаңалық тарады. Үлкен Нарын ауданымен қосып тастады. Содан әкем Зайсан ауданындағы «Достық» газетіне барып орнықты. Бір жыл көлеміндегі жұмыс барысында бас редактордың орынбасары болып істеген. Бірақ ол кезде Зайсандағы аптап адам шыдатпайтын еді. Жазда күн ерекше ыситын. Анам да, апам да оған шыдамай 1962 жылы қайтадан бері қайтуға оқталды. Бұл уақытта Үлкен Нарын ауданында орын босап, әкем редакциядағы жұмысын жалғастырды, – деді Әмір Ластаев.

Катонда өткен күндер

Ол ғана емес, анасы Кәмиза Шағиманова да редакция қазанына түскен. Шамамен 1967 жыл болуы керек, Сейітзада Жамауұлын райком партиясына нұсқаушы ретінде жұмысқа шақырды. Арада он жыл өткенде 1971 жылы Катонқарағай аудан болып қайта ашылды. Осы кезде кейіпкерімізді кіндік кескен жеріне райком партиясыа ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі етіп жіберді. Осы бағытта 1980 жылға дейін табан аудармай еңбек етті.
– Бірақ райкомда істеп жүрсе де, газетке азды-кем мақала жазып тұратын. Мемлекеттік қызмет өз алдына, көкейде редакция жұмысына толыққанды қайта оралсам деген жоспары жоқ емес-ті. Содан зейнетке шыққанша газет әралуан бағытта мақала жазумен болды. Бірақ дөңгеленген дүние өз дегеніне басып, 1997 жылы Катонқарағай ауданы қайта жабылды. Әкем зейнет жасында болғанда Ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде де қоғамдық жұмыстарға араласты. Аудан жабылған жылдары Назарбаевқа бірнеше рет хат жазды, – деді Әмір Ластаев.
Араға 36 жыл салып, талай тұрғынды тағы бір абдыратқан хабардың ешкімге қуаныш әкелмегені белгілі. «Арай-Луч» – жұрт арасында біршама беделге ие болған іргелі басылым еді. Очерктер де, портреттік мақалалар да қамтылды.

Оралхан Бөкей Фархад Ластаевты (Әмір Ластаевтың ағасы) алдына алып, түскен сурет

Сейітзада Ластаев журналистиканың жілігін шағып тұрған шақта редакцияға қаламы жүйрік біршама азамат барып еңбектенген. Ел арасында «Ақ боз үй» романының шоқтығы биік десек, оның авторы Смағұл Елубайдың кісілігі де, кішілігі де жұрт арасында үнемі айтылып жүреді. Танымал жазушы Мұзтаудың етегін жайлаған ауданда жұмыс істеген десек, көбі біле қоймас. Ол кезде 24-те еді. Бұл туралы болашақ жазушы өзінің «Катонда өткен күндер» естелігінде жазған.
– 1971 жылдың күзі. КазГУ-дің журналистика факультетін бітіріп, жұмысқа «Арай» газетіне келдік. Бізді газет ұжымы құшақ жая қарсы алды. Командировкаларға шыға бастадық. Университетте бізді жазуға үйретсе де, шаруашылық басшыларымен сөйлесуге үйретпеген екен. Журналистік алғаш сапарларымда интервьюлер алуға ұялып қиналдым. Бірақ ауданның қай бұрышына барсам да, қонақжай қамқор жандар кездесіп отырды. Сондай қамқор жандардың бірі – ауданның беделді азаматы Ластаев еді. Алматыдағы Оралхан ағамыз тапсырса керек, бір күні Ластаев атты азамат бейтаныс болсақ та, бізді үйіне шақырып қонақ етті, – деді ол.

Назарбаевқа хат

Бұған ғана емес, Смағұл Елубай Катон топырағында өткізген төрт ай ішінде Алтайдың таңғажайып табиғатына тәнті болып өткенін жазды. Екі үйде пәтер жалдап тұрып, жұмыстан қайтқан соң шет жаққа шығып, серуендеп қайтып жүрген. Еңбек жолын «Арай» газетінен бастап, қолдау танытқан ұжымға алғысын төкті. Ал Сейітзада Ластаев 1997 жылы Катонқарағай ауданы жабылып, көңілі қамыққанда Президентке хат дайындау үшін әралуан құжат жинаудың қамына кіріскен. Ол уақытта Виталий Метте облыс әкімі. Өзгеріс енгізу өңір басшысының құзыретінде емес екенін түйсінген ол, хатты бірден жоғарыға дайындады.
– Ауданның қайта ашылмағаны әкемнің жанына қатты батты. Бір жағынан көп уайымдағаннан ба дейміз, өмірден ерте озды. Қазір ауданда туризм дамып, түрлі бағытта өзгеріс байқалып келе жатыр ғой. Әкем соны кезінде жазып, дәлел мен дәйекті де келтірген еді. Катонқарағай ауданын Үлкен Нарынға неліктен қоспау қажеттігін көрсетті. Ол кезде АН-2 ұшағы қатынайтын. Осындай өзгеріс болған соң әуе көлігі де жолаушы тасымалдаудан қалды. Әуежай Катонның өзінде бар болатын. Ал қазір ашылайын деп жатқаны одан әлдеқайда бері аумақ, – деді Әмір Ластаев.

Сол кездегі журналист куәлігі

Тұңғыш Президентке жазылған хат мазмұны қызық еді бізге. Бірақ ол сақталды ма? Әмір Сейітзадаұлына күні бойғы қауырт тірліктен бір сәт қол босап, кешқұрым қоңырау шалғанымызда «қазір» деп келте қайырды жауапты. Арада 10-15 минут өткенде құжатты жіберді. Қолжазба түріндегісі бар екен. Хатқа зер салсақ, Сейітзада Ластаев Нұрсұлтан Әбішұлының Катонда демалатын жері бар екенін, өзі осы жаққа келгенде «Жұмақтың пұшпағы» деп баға беріп кеткенін кіріспе сөзіне кірістіре кетіпті. Нақты статистика келтіріліп, күншығыста Моңғолия, Қытай, солтүстікте Ресеймен шектесетінін, аудандағы төрт түлік саны қанша екенін де жазды. Хаттан үзінді:
– Осыдан бес жыл бұрын, 1997 жылы әкімшілік-территориялық өзгерту шараларын жүзеге асыруға байланысты Катонқарағай мен Үлкен Нарын аудандары қосылып, аудан орталығы Үлкен Нарын ауылына көшірілген болатын. Бұл біріккен екі аудан территориясының ең батыс шеті. Сөйтіп, қазіргі аудан орталығы шығыс және оңтүстік шеттегі ауылдар мен елдімекендерден 200-250 шақырымға алыстап кетті. Бұдан қатынас қиындықтары туындады. Шығыс шеттегі Аршаты, Берел, Өрел, солтүстік шалғайда жатқан Жоғарғы Катон, Ақсу ауылдарынан екінші жақ шеттегі аудан орталығына бір жапырақ құжатты жөндетіп барып, келу үшін апталап үйін әрең табатын балалы-шағалы әйелдердің, кәрі-құртаң адамдардың көз жасын көргенде жаның ашиды, – делінген.

Газет шыққан күн

Ол сөз соңында Катонқарағай ауданының әкімшілік аумағын қайта бөліп, бұрынғы қалпына келтіруге негіз болар жайт деп тұрғындар санын мысал етті. Құжатқа көз жүгіртсек, сол уақытта Катон жұртының саны Үлкен Нарын халқынан 1108 адамға көп, жер көлемі де 4,8 мың шаршы шақырымға артық болғанын көрсетті.
– Мен ол кезде Өскеменде тұрып жаттым. Бірақ ауылға ай сайын баруға тырысатынмын. Аудан бөлінген кезде мен еңбек демалысында жүрген болатынмын. Біздің үй дәл әкімдік алдында орналасқан. Барып қарап едім, үлкен жүк көліктері тұрды. Жақсы, өңі кетпеген жиһаз, кілемдерді тиеп жатты. Кейінірек Катонқарағай ауданы тоза бастады. Жұмыс болмаған соң жұрт көшті – деді Әмір Сейітзадаұлы.
Қан қысымы мен уайым – аудан ертеңіне бас ауыртқан азаматын әбден қыспаққа алған болуы керек. Сейітзада Ластаев 2003 жылы өмірден озды. Ғұмыры үзілер алдында жазған соңғы мақаласы – «Менің туған газетім еді» деп аталады. Мерзімді басылымның көтерген жүгін, онда қызмет еткен әріптестерін жылы естелікпен тізбелеп шыққан екен.

Әділхан ЕСІМХАНОВ
Фотосуреттер: Әмір Ластаевтың жеке мұрағатынан

Өскемен төрінде Роза Рымбаеваның ән кеші өтті
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың шақыруымен өткен кешке жиналған көрерменнің қарасы қалың болды. Филармония залы лық толып, әр буынның өкілдері сүйікті әншісінің өнерін тамашалауға келді. Көрерменнің ыстық ықыласы мен толассыз қошеметі Роза Рымбаеваның халық жүрегінен ерекше орын алғанын көрсетті.
Александр Галсановтың жетекшілігіндегі симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен кеш барысында 21 музыкалық шығарма орындалды. Әншімен бірге сахнаға ұлдары Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Вячеслав Ткач шықты. Көрермендер «Әлия», «Эхо любви», «Мен қазақпын», «Айналайын» секілді көпшілікке жақсы таныс әндерді тыңдады.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов әншіні құттықтап, өңір тұрғындарына өнер көрсеткені үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ оның қазақ музыка өнерін дамытуға қосқан үлесін атап өтті.
– Мен үшін бұл — ерекше концерт, шығармашылық емтихан іспетті, — деді Роза Рымбаева.
Сахнадағы жарты ғасыр — талай ұрпақтың жүрегінен орын алған әндер мен өнерге деген адалдықтың айғағы. Өскемендегі мерейтойлық кеш әсем ән мен шынайы ықылас тоғысқан, көрерменге ерекше әсер сыйлаған рухани кешке айналды.

Таяуда Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайлары іске қосылады – Президент
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында келесі жылы Астанада жаңа әуежай құрылысын бастауды және көлік саласын заманауи технологиялар арқылы басқаруды тапсырды
- Қазір Қазақстанда бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүргізіліп жатыр. Мұндай нысандарды бір мезетте салу тәжірибесі ел тарихында бұрын-соңды болмаған. Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмысы аяқталды, таяуда Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайлары іске қосылады. Келесі жылы осы саладағы әлемдік ірі компаниялардың бірін тарта отырып, Астанада жаңа әуежайдың құрылысын бастаймыз, - деп атап өтті Президент.