A+ A A-

talgatzhan 0 10-06-2026, 17:30 0

ШҚО-да WhatsApp арқылы әйелді қорлаған ер адамның ісі сотта қаралды

ШҚО

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жазылған әрбір сөз заң алдында жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Жуықта Өскеменде қаралған сот ісі осының нақты дәлелі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс материалдарына сәйкес, Азамат (есімі өзгертілген) WhatsApp мессенджері арқылы әйел адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын, әдепсіз сипаттағы хабарламалар жолдаған. Нәтижесінде жәбірленуші Аида (есімі өзгертілген) сотқа жүгініп, іс жеке айыптау тәртібімен қаралды. Сот барысында ұсынылған дәлелдер зерттеліп, құқық бұзушылық фактісі анықталды.
Мамандар сөзінше, бүгінде көптеген жанжал әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі хат алмасудан басталады. Алайда азаматтар эмоцияға беріліп жазылған хабарламалардың да құқықтық салдары болатынын ұмытпауы тиіс.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Солжағалау аудандық пробация бөлімінің аға лейтенанты Каим Ожикановтың айтуынша, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.
– Кез келген азамат интернет кеңістігінде де заң талаптарын сақтауы қажет. Қорлау, балағаттау немесе адамның ар-намысына тиетін сөздер жазу құқықтық жауапкершілікке алып келуі мүмкін. Сондықтан даулы мәселелерді мәдениетті түрде шешу маңызды, – деді Каим Ожиканов.
Бұл оқиға виртуалды кеңістіктегі сөздің де жауапкершілігі бар екенін көрсетті. Сондықтан әлеуметтік желілерде қарым-қатынас жасағанда өзара сыйластық пен заң талаптарын сақтау әр азаматтың міндеті болып қала береді.

Фото: ru.sputnik.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив