Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі, жерлесіміз Әмина Жұмабекова Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгін оны жақындары мен жерлестері әуежайда қошеметпен күтіп алды. Көрген бойда құшағына алып, жан-жақтан құттықтауларын жаудырды.
Әмина Бахрейндегі әр кездесуін сенімді өткізді. Дайындығы да тиянақты көрінді. Сөйтіп, 57 келіге дейінгі салмақтың финалында отандасымыз Оңтүстік Корея спортшысы Чве Сыльбимен белдесті. Әмина шешуші кездесуде қарсыласына жол беріп, Азиаданың күміс медаліне ие болды.
Өзінің айтуынша, жүлде үшін таласқан қарсыластың бәрі мықты, сайыстан зор тәжірибе жинады.
- Манамада барлығы 4 жекпе-жек өткізіп, оның екеуінде ауырту әдісімен жеңдім. Бұл бәсекенің мен үшін ауқымы да, маңызы да зор. Мол тәжірибе жинап, қателіктер бойынша қорытынды шығардым, - деді ол.
Жерлесіміздің сөзінше, жаңа жарыстарға бұдан да тыңғылықты дайындық жүргізіп, бабында бармақ.
Пікірлер