ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев өңірге сапары барысында жаңа әуежайлар салынғалы жатқан нысандарды аралады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның сөзінше, Шығыс Қазақстанда бір уақытта екі әуежай салу маңызды әрі тарихи шешім.
– Бұл облыс экономикасының құрылымын өзгертеді деп ойлаймын. Туризмді дамытуға да өз әсерін тигізбек. Құрылыс аумағын шештік. Жұмыс келесі жылы басталады деп жоспарлануда, – деді Марат Қарабаев.
Катонқарағай ауданында әуежай Солдатово ауылының маңында салынады. Құрылыс алаңынан Катонқарағайға дейінгі қашықтық 38 шақырымды құрайды. Ал Зайсанда әуежай бұрынғы Сәтбаев атындағы әскери аэродром аумағында орналаспақ. Зайсанға дейінгі қашықтық – 25 шақырым.
Бастапқыда әуежайларда Q400, ATR 42/72 және CRJ200 ұшақтары үшін 2200 метрлік ұшу-қону жолақтары болады. Бұл Астана мен Алматыдан өңірдің туристік бағыттарына әуе қатынасын қамтамасыз етеді.Сондай-ақ Airbus A320 және Boeing 737 сынды ұшақтар үшін ұшу-қону жолақтарын одан әрі ұзарту мүмкіндігі қарастырылмақ.
Құрылыстың аяқталуы 2026 жылға жоспарланып отыр.
Фотосурет: inbusiness.kz
Пікірлер