A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 18:00 0

ШҚО-да жыл басталғалы 102 автокөлік өрті тіркелген

Бүгін / ШҚО

Облыстық ТЖД өкілдері «Газбаллон» акциясы аясында көліктерге қатысты қауіпсіздік талаптарын түсіндірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаментіндегілер жүргізушілерге газбаллонды 85%-дан артық толтырмау, жабдықты тек жарамды күйде пайдалану қажеттігін ескертті. Айтар болсақ, заң талаптарын бұзғандар 15 АЕК айыппұлмен жазаланады. Ал полицейлер көліктің мемлекеттік нөмірін шешіп алып, пайдалануға тыйым сала алады. Газ жарылысы салдарынан адамға зиян келсе, қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Бұдан бөлек, ТЖД ГБЖ орнатылған көліктерді жерасты паркингтеріне қоюға болмайтынын атап өтті. Баллондар әр 2 жыл сайын куәландырылуы тиіс. Көлікті ұзақ қалдырғанда барлық вентиль жабылып, газ толық шығарылуы керек.

Ескерте кетейік, өрт шыққан жағдайда жолаушыларды кемінде 10 метрге шығару қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив