Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында Ақ Берел өзені арқылы Көккөл сарқырамасына апаратын жаяу көпірді қалпына келтіру мәселесі өзекті болып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Туризм басқармасының басшысы Ержан Сембиновтың сөзінше, 1938 жылы салынған бұл нысан 2024 жылы зақымданды.
- Осыған байланысты Белуха бағыты бойынша туристер өзенді атпен кешіп өтуге немесе арқан арқылы өтуге мәжбүр. Бұл өз кезегінде қауіпсіздік тәуекелдерін тудырады. Көпірдің республикалық маңызы бар ұлттық парк аумағында орналасуын ескере отырып, оны республикалық бюджет есебінен жөндеу мәселесі бойынша Экология министрлігіне және Қаржы министрлігіне бірнеше рет өтініш жолданғанымен, жауапқа сәйкес жөндеу тек жергілікті бюджет қаражаты есебінен мүмкін екені көрсетілген, - деді Ержан Сембинов.
Құрылыс материалдарын жеткізу тек тікұшақпен немесе жүк арбалы көлікпен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұдан бөлек, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін соқпақтарды нығайтып, бағытты таңбалау қажет. Бұл туристердің мемлекеттік шекараны байқаусызда бұзбауына мүмкіндік береді.
Пікірлер