A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 15:00 0

Қазақстанда сапасыз өнімге қатысты 136 кәсіпкер жауапқа тартылды

Бүгін / Республика

Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында «Сапалы өнім» жобасы аясында тексерілген өнімдердің 49%-ынан заң бұзушылық анықталды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Болат Танабергенов айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Оның мәліметінше, биылғы алғашқы үш айда еліміз бойынша 363 түрлі өнім тексерілген.
— Тексеру нәтижесінде 179 өнімнен заң бұзушылық анықталды. Бұл барлық тексерілген өнімнің 49%-ын құрайды. Заң бұзушылықтардың 77%-ы таңбалау талаптарына қатысты болса, 23%-ы санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмауына байланысты болды. Соның нәтижесінде 136 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деді Болат Танабергенов.

Фото: Астана әкімдігі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив