A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 15:10 0

ШҚО-да “WorldSkills Shygys 2026” чемпионаты аяқталды

Бүгін / ШҚО

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында сайыс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған чемпионат 3 күн бойы дарынды жастар үшін мүмкіндік пен кәсіби шеберліктің алаңына айналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайысқа қатысушылар саны жыл сайын артып, қызығушылық өсуде.
- “WorldSkills Shygys 2026” аймақтық чемпионаты 2016 жылдан бері жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Биыл 45 құзіреттілік бойынша 200-ге жуық қатысушы бақ сынасты. Жарыс кезеңдері 8 оқу орны мен колледж базаларында ұйымдастырылды. Жеңімпаз команда желтоқсан айында өтетін республикалық чемпионатта облыс намысын қорғайды, - деді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбек.
28 оқу орнынан жиналған  200-ге жуық қатысушы 7 бағыт бойынша сайысты. Олардың қатарында мобильді робототехника, өндірістік автономика, графикалық дизайн, мобильді қосымша әзірлеу сияқты кезеңдері бар. 
Чемпионаттың бас демеушісі “Казцинк” компаниясының өкілі Андрей Лазаревтің сөзінше, сайыс өндіріс пен студент арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, жас буынға мол мүмкіндік береді.
- Қазылар алқасы қатарында әділ әрі өз ісін жақсы білетін мамандар болды. Қатысушылардың да біліктілігі мен білімінің жоғары екенін байқауға болады. Бұл сайыс олардың кәсіби жолына бағыт беріп, жоғары жетістікке жетуіне көмегін тигізері анық, - деді Андрей Лазарев. 
Чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаздарға диплом мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив