A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:30 0

Өскеменде танымал қойылымдар көрсетіледі

Бүгін / Өскемен

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры облыс орталығына гастрольдік сапармен келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Мәдениет басқармасының мәліметінше, театр ұжымы 1–3 маусым аралығында көрермен назарына репертуарындағы таңдаулы қойылымдарын ұсынады. 
Гастрольдік бағдарлама ұлттық және әлем әдебиетінің үздік туындылары негізінде сахналанған спектакльдерді қамтиды. 
Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры сахнасында өтетін қойылымдар театр өнерін сүйер қауымға ерекше көркемдік әсер сыйламақ.
Гастрольдік репертуар:
1 маусым сағат 18:30 – «Махаббат, қызық мол жылдар» драмасы
(авт.: Ә. Нұршайықов, реж.: Ф. Молдағали);
2 маусым сағат 11:00 – «Кішкентай ханзаданың оралуы» ертегісі
(авт.: А. Сент-Экзюпери, реж.: Д. Курочкин);
2 маусым сағат 17:00 – «Қорғансыз» драмасы
(авт.: М. Әуезов, реж.: Д. Жұмабаева);
3 маусым сағат 18:30 – «Мұқағали. Музаға…» әдеби-музыкалық кеші
(авт.: М. Мақатаев, реж.: Ф. Молдағали).
Гастроль аясында ұсынылатын қойылымдар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері мен әлем классикасының туындыларына негізделіп, түрлі жанрлар мен тақырыптарды қамтиды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив