A+ A A-

talgatzhan 28 19-11-2024, 10:00 0

Глубокое ауданында биыл 48 пәтерді қолданысқа беру жоспарланған

Глубокое / Бүгін

Аудан басшылығы «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында салынып жатқан жұмыс барысынан ақпар ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл жақта баспана республикалық және облыстық бюджет есебінен салынып келеді. Глубокое ауданы әкімінің міндетін атқарушы Аян Макиевтің сөзінше, «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынатын үйлер көпбалалы отбасы және халықтың әлеуметтік осал санататындағы отбасыларға беріледі.
– Баспана салу шешімі елдімекендерде бос жерлер мен инфрақұрылымның болуына байланысты үй кезегінде тұрған азаматтардың саны негізінде қабылданады. Осы жылы 24 екіпәтерлі (екі бөлмелі болуы керек) 48 пәтер салу жоспарланған. Салынған үйлер көпбалалы отбасылар мен халықтың осал топтарына табысталады. Баспана салуға жауапты мердігерлерді анықтау үшін газетке конкурс жарияланады және ол мердігерлердің ауданда тіркеуде тұруы міндетті емес, – деді Аян Мұратұлы.
Құрылыс сапасын «Шығыс Қазақстан облысының сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшылығы тексереді. Бұл ауданда салынып жатқан үйлер 3 бөлмеден тұрады. Оның ішінде, көпбалалы отбасыларға берілетін пәтер 85 шаршы метр, ал халықтың осал топтағы азаматтарына берілетін пәтерлер 70 шаршы метрді құрайды. Әкімдіктегілер бүгінге дейін берілген баспаналардың сапасы бойынша арыз-шағымдар түспгегенін айтты.
– Қазіргі уақытта аудан бойынша үй кезегінде тұрғандар саны – 809 адам. Аудан бойынша халық саны көп елдімекендерде және аудан орталығы Глубокое кентінде баспанаға мұқтаж азаматтар көп. Биыл 24 екіпәтерлі 48 пәтер салу жоспарланған, – деді әкімнің міндетін атқарушы.

Фотосурет Liter.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив