458.13 502.29 5.58
A+ A A-

ШҚО-да желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

ШҚО-да желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болады? [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градус жоғары болады. Ал жауын-шашын мөлшері ел аумағында норма шамасында болжанып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ның 2026 жылғы желтоқсанға арналған ауа райы бюллетенінде мәлім болды.

Синоптиктердің болжамынша, Шығыс Қазақстан облысының қиыр шығысында ауа температурасы -17 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Желтоқсанда сынап бағанасы нормаға жуық болады.

Көпжылдық деректерге сәйкес желтоқсанда елде түн ұзарып, күн қысқарады. Ауа температурасы біртіндеп төмендейді.

Ең суық орташа айлық температура Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында байқалады. Мұнда көрсеткіш -20…-24 градусқа жетеді.

Шығыстың таулы аймақтарында қар жамылғысының биіктігі 25-66 сантиметрге дейін көтерілуі мүмкін. 

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив