Қалада әзірге қар жаумағандықтан, коммуналдық қызметтер абаттандыру және тазалық жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ауа райының қолайлы кезеңін пайдаланып, коммуналдық қызмет мамандары қала аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соның аясында жақында жаяу жүргіншілерге арналған жерүсті өткелдері жуылып, тазартылды.
Аталған жұмыстар қала көшелерінің тазалығын сақтау және жаяу жүргіншілер өткелдерін күтіп ұстау мақсатында жүргізілуде.
Пікірлер