448.72 493.86 5.49
A+ A A-

Өнеркәсібі өркендеген Шығыс: «Әділет» партиясының кандидаттары «Гидросталь» ұжымымен кездесті

Өнеркәсібі өркендеген Шығыс: «Әділет» партиясының кандидаттары «Гидросталь» ұжымымен кездесті [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Өнеркәсіпті дамыту, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өндіріс орындарын білікті мамандармен қамту мәселелері Өскемен қаласындағы «Гидросталь» ЖШС еңбек ұжымымен өткен кездесудің негізгі тақырыбына айналды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жиынға облыстық мәслихат депутаттығына партиялық тізіммен ұсынылған кандидаттар Александр Милейко және Зоя Новолодская қатысып, «Әділет» партиясының өңірлік бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Бағдарламада энергетикалық инфрақұрылымды нығайтуға басымдық берілген. Атап айтқанда, жалпы қуаты 715,55 МВт жаңа электр өндіру қуаттарын іске қосу көзделген. Оның ішінде Өскемен СЭС-інің гидроагрегатын жаңғырту, Өскемен ЖЭО-ның қуатын 100 МВт-қа арттыру және қуаты 405 МВт болатын ЖЭО-3 салу жобалары бар.

 
Электр желілерін жаңарту да маңызды міндеттердің бірі ретінде белгіленген. 2031 жылға дейін 3 826 шақырым электрмен жабдықтау желісін күрделі жөндеуден өткізіп, жаңғырту жоспарланып отыр.
– Өнеркәсіп – Шығыс Қазақстан экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Өндіріс орындарының тұрақты дамуы үшін сенімді энергетикалық инфрақұрылым, заманауи технологиялар және инвестиция тартуға қолайлы жағдай қажет. Өңірлік бағдарламада генерациялаушы қуаттарды арттыру мен энергетикалық нысандарды жаңғыртуға бағытталған нақты жобалар қарастырылған, – деді Александр Милейко.
Кездесуде кадр даярлау мәселесіне де ерекше назар аударылды. Бағдарламада кәсіпорындардың сұранысы бойынша жыл сайын кемінде 2 мың адамды жұмыспен қамту, техникалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының үлесін 70 пайызға дейін жеткізу және дуальды оқытуды кеңейту міндеттері қамтылған.
– Кез келген өндіріс орнының басты байлығы – адам. Бүгінгі өндіріс білікті, жаңа технологиялармен жұмыс істей алатын мамандарды қажет етеді. Сондықтан техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, дуальды оқытуды кеңейту, кадрларды кәсіпорындардың нақты сұранысына сай даярлау маңызды, – деді Зоя Новолодская.

 
Кандидаттар алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда қоғамның қолдауы мен еңбек ұжымдарының пікірін ескеру маңызды екеніне назар аудартты: 
«Әділет» партиясы өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және білікті кадрлар даярлау бағытында нақты міндеттер ұсынып отыр. Біз әр еңбек ұжымының пікірі ескеріліп, ұсыныстары назардан тыс қалмағанын қалаймыз. Алдағы сайлауда «Әділет» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырамыз. Өңіріміздің болашағы үшін бірлесе жұмыс істейік».

Дайындаған: «Әділет» партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Мекеева Ж.Ж
«Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауда» партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ-ның сайлау қорынан төленді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив