448.72 493.86 5.49
A+ A A-

Тарбағатай жеке аудан атанғалы 9 ауылда медпункт салынды

Тарбағатай жеке аудан атанғалы 9 ауылда медпункт салынды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Бүгінде мұнда 1 аудандық аурухана, 7 дәрігерлік амбулатория және 19 медициналық пункт жұмыс істейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Дербес аудан болғалы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 9 ауылға (Ахметбұлақ, Жаңаталап, Шорға, Қазақстан, Шолақорда, Ақмектеп, Асусай, Жамбыл, Байтоғас) медициналық пунктер салынды. 
Биыл аудандық аурухананың емхана бөлімшесіне күрделі жөндеу жүргізілді. Фтизиопульмонологиялық орталық жабылған соң аудандық ауруханаға 14 төсек беріліп, стационарлық емделушілер саны 51-ден 65 төсекке жетті. 
– Болашақта Қабанбай, Қарасу ауылдарында жаңа дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда. Биыл Жаңалық ауылында жаңа медпункт халық игілігіне берілді. Алдағы уақытта Бозша ауылында да осындай жаңа нысан бой көтермек, – делінген ақпаратта. 
Ал материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында С-дуга рентген аппаратын сатып алу жоспарланды. Оның клиникалық-техникалық негіздемесі әзірленіп, құжаттар облыстық Денсаулық сақтау басқармасына жолданды. Қазір қаражаттың бөлінуі күтілуде. Сонымен қатар гемодиализ аппаратын сатып алуға қаражат бөлініп, конкурс рәсімі жүргізіліп жатыр. Қазір осы құрылғымен жұмыс істейтін екі медицина қызметкері оқытудан өтті. 
– Бұған дейін бүйрек жеткіліксіздігі бар тұрғындар Зайсан қаласына дейін көлік жалдап, ем алып жүрді. Алдағы уақытта науқастар өз ауданымызда емделетін болады, – деді әкімдіктегілер. 
Сондай-ақ Тұғыл дәрігерлік амбулаториясында флюрография аппараты мен ФАК жүйесі орнатылды. Физиотерапия аппараты алынып, кабинет жұмысы жанданды. Тағы бір маңызды жаңалық – стоматологиялық креслоның орнатылуы. Енді дәрігер арнайы бекітілген кестеге сәйкес Тұғыл ауылдық округі тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив