Аудан статусын алғалы 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Атап айтқанда Тұғыл мен Ақжар ауылдарында спорттық-сауықтыру кешендері, Маңырақ ауылында жеке демеуші есебінен спорттық модуль салынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ақжар ауылының орталық стадионында қайта жаңғырту жұмыстары аяқталғанын да айта кетуге болады. Сондай-ақ Жаңауыл, Маңырақ, Жетіарал, Құйған, Жаңатілеу, Жаңаталап, Қарасу ауылдарындағы мәдениет ошақтары ағымдағы жөндеуден өтті.
– Барлық Мәдениет үйі мен ауылдық клубқа музыкалық аппаратуралар алынды. Ақжар Мәдениет үйіне LED экран, құрылмалы сахна және LED экранды сахна кешені, көлік пен 18 орындық «JAC» шағын автобусы, 31 орындық «Газ» автобусы берілді. Ақжар, Тұғыл, Жетіарал, Жаңауыл, Құйған, Маңырақ, Қабанбай ауылдарындағы Мәдениет үйі сахнасына LED экран қойылып, сахна қосымша жарықтандырылды, – делінген әкімдік ақпаратында.
Пікірлер