Тоқты
Кейбір Тоқтылар шешімді өз беттерімен қабылдауды жөн көреді. Осы әрекетіңізден сүйіктіңіздің сізден көңілі қалады. Жалғызбасты Тоқтыларға жуық арада екінші жартысын табу қиынға түседі, әйтсе де айналаға көз сала жүргеннің еш әбестігі жоқ.
Торпақ
Дос-жарандарыңызбен жақын қарым-қатынас сақтағыңыз келсе олардың әр айтқанына көңіл-күйіңізді түсірмей, көмек сұраса қолұшын беруге әзір жүріңіз. Сезім қылын бекіте түскіңіз келсе ұдайы шындықты айтуға дағдыланыңыз.
Егіздер
Осыған дейін бір көргеннен ғашық болу дегенге сенбеп пе едіңіз? Онда сондай жайт жуық арада басыңыздан өтуі ғажап емес. Жағымды эмоция мен мөлдір сезімнің ескегін есесіз.
Шаян
Қазір сүйіктіңізбен алыс жақтарға сапар шегіп, бойжазып қайтуға болады. Осы бастан жоспар құра бастаңыз. Бұл үшін үйдегі тізгін отағасына берілуі тиіс, себебі кей сәттерде маңызды шешім қабылдайтын солар.
Арыстан
Көптен бері тұрмыс құруды ойлап жүрген болсаңыз қандай адам талғамыңызға сай келетінін анықтап алыңыз. Өмірлік серігіңізді таңдауда асықпаған жөн. Бұл жерде Жұлдыздар алғаш көрген жанмен көңіл жарастыруды әбестік санайды.
Бикеш
Ескі таныстарыңызбен қарым-қатынасыңыз қандай? Бәлкім, солардың арасында жүрген шығар ғашығыңыз? Жалғызбасты Бикештерге көпшілік арасында немесе қоғамдық жерлерде жүрген дұрыс.
Таразы
Қазір сіз үшін мына қағида маңызды: шешім қабылдадың ба, артынан күмән келтірудің еш жөні жоқ. Ұжымда білгенін бөлісіп жүретін әріптесіңіздің бойынан кемшілік іздегенше, сенім артыңыз.
Сарышаян
Досыңызбен «менікі дұрыс, сенікі қате» деп арақатынасты анықтаудың қажеті жоқ. Осындай келеңсіздіктерді айналып өтуге тырысыңыз. Кейбір Сарышаяндар ұжымдағы жұмысын ысыра тұрып, тынығып алуды құп көреді.
Мерген
Қазір жаңа жоспар бекітіп, апта соңына қарай соны жүзеге асырудың қамын ойлаңыз. Жақындарыңыздан әлденені жасырып қалуды ойламаған да жөн. Шындықтың бір күні сыртқа шығатынын ескеріңіз.
Тауешкі
Маңызды тірліктерді біржақты етіп болған соң басқасын бастауға асықпаңыз. Аз уақытқа болса да демалыс қажет. Отау құрып, жеке өмірінде тұрақтылық орнаған Тауешкілерге өмірлік серігіне көп көңіл бөлгендері абзал.
Суқұйғыш
Дәл қазір некеге отыруға асықпаған жөн. Махабаттарыңыз баянды ма, әлде уақытша ма, осыны анықтау үшін уақыт қажет. Кейбір Суқұйғыштар сезім қылына қылқынып, сүйіктісімен қосыла алмай жаны қиналады. Сол үшін өмірлік серігіңізді таңдарда жүрек үніне құлақ тұрып, ұтымды шешім қабылдай білген жөн.
Балықтар
Бұрынғы ғашықтық сезімін қайта маздату үшін бар күшіңізді салыңыз. Бәлкім, жылдам әрекет етіп, дер кезінде қимылдай білсеңіз ұнатқан адамыңызбен қайта көңіл қосасыз. Қазір төзімділік пен көрегенділік танытатын кез.
Пікірлер