A+ A A-

talgatzhan 67 Кеше, 12:20 0

Өскеменде зергерлік дүкен тонады деген күдікпен 25 жастағы жігіт ұсталды

Бүгін / Өскемен / Қылмыс

Қалада зергерлік салоннан құны 2,7 млн теңге болатын алтын әшекейлер ұрланды. Олардың арасында бриллианттары бар бұйымдар да болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Дүкен иесінің арызынан соң полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар күдіктіні анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, 25 жастағы қала тұрғыны сатушының жоқтығын пайдаланып, сөреден қымбат әшекейлер қойылған тіреуішті алып кеткен.
Тергеу дерегіне сүйенсек, күдікті ұрланған бұйымдардың бір бөлігін ломбардқа өткізіп үлгерген. Қалған әшекейлер тәркіленді. Аталған фактіге сәйкес «Ұрлық» бабымен қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: ШҚО ПД

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив