A+ A A-

talgatzhan 58 Бүгін, 10:55 0

Өскеменде балабақша бағасы қанша?

Бүгін / Өскемен

Қазақстан қалаларында балабақша қызметінің бағасы әртүрлі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұлттық статистика бюросы жариялаған мәліметке сәйкес, Өскемен балабақша құны ең жоғары қалалардың үштігіне енді. 
Рейтинг бойынша бірінші орында Алматы қаласы тұр. Мұнда балабақша қызметінің орташа бағасы – 43 473 теңге. Екінші орында Қостанай қаласы орналасқан. Онда бұл қызметтің құны – 37 413 теңге.
Ал Өскемен қаласы 37 185 теңге көрсеткішімен үшінші орынға жайғасты.
Балабақша қызметі салыстырмалы түрде арзан қалалардың қатарында Тараз бен Түркістан бар. Бұл қалаларда баға 10-20 мың теңге аралығында.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив