A+ A A-

talgatzhan 45 Бүгін, 12:30 0

Өскеменде құтқарушылар футзалдан үздіктерді анықтады

Бүгін / Өскемен

Қалада Республика күніне орай қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан құтқарушы Алмас Мұсақановты еске алуға арналған турнир өтті. Жарысқа облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 12 командасы қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Турнир барысында құтқарушылар алаңда өзара мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысында Марқакөл ауданының Төтенше жағдайлар бөліміне қарасты 31-өрт сөндіру бөлімі командасы бірінші орын алды. Екінші орын Өскемен қаласы ТЖБ мамандандырылған жасағы командасына бұйырса, үздік үштікті ШҚО ТЖД басқарма аппаратының командасы түйіндеді.

 

Жекелей номинациялар бойынша:

Үздік ойыншы – Азамат Ақзамбеков, Өскемен қаласы ТЖБ офицері;
Үздік шабуылшы – Санжар Сартаев, Өскемен қаласы ТЖБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
Үздік қорғаушы – Мирас Маханов, Шемонаиха ауданының 28-өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы;
Үздік қақпашы – Саин Бекпаев, Марқакөл ауданының 31-өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар құтқарушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, командалық рухты нығайтуға да ықпал етеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив