A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 15:30 0

Өскеменде қараша айында қандай шаралар өтеді?

Бүгін / Басты / Өскемен

Күздің соңғы айында шаһар тұрғындарын бірқатар қызықты концерт, стендап-шоу және шығармашылық кеш күтіп тұр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қалада отандық әншілердің өнер көрсетуімен қатар, театрландырылған қойылымдар мен ерекше кездесулер де ұйымдастырылады.

1 қараша 20:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында Ернар Амандықтың концерті өтеді.

2 қараша 18:30-да осы сахнада әнші ARO өнер көрсетеді.

4 қараша Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында «Жүректен жүрекке» атты оркестр концерті ұйымдастырылады.

9 қараша филармония сахнасында Tynda Music ұжым орындауында италиялық композитор Людовико Эйнаудидің танымал шығармаларына арналған Tribute to Ludovico концерті өтеді.

11 қараша 19:00-де облыстық драма және оперетта театрында INTELLIGENTNO QU стендап-шоуы көрерменге жол тартады.
Ал сағат 20:00-де Металлургтер мәдениет сарайында Эльбрус Джанмирзоевтің шығармашылық концерті өтеді.

12 қараша 20:00-де Металлургтер мәдениет сарайында әнші Думан Мараттың концерті ұйымдастырылады.

13 қараша 17:00-де Металлургтер мәдениет сарайында жастар театрының «Краш махаббат» атты қойылымы көрсетіледі.

14 қараша 19:00-де Best Western Plus қонақүйінде коуч Роза Әшірбаева мен Перизат Мырзахметтің қатысуымен «20/25» атты кездесу өтеді.

25 қараша18:30-да Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында Қанат Әлжапбаров, Қайрат Әділгерей және Аманғали Сыпабековтің «Бөлек концерт» атты шығармашылық кеші ұйымдастырылады.

29 қараша 18:00-де филармония сахнасында Бағжан Октябрьдің «Жан терапиясы» атты концерті өтеді.

Осылайша, қараша айында қала тұрғындары мен қонақтары түрлі музыкалық кешке, әзіл-сықақ шоуларға және театр қойылымдарына қатыса алады.
Айта кету керек, билеттер kino.kz және ticketon.kz сайттарында сатылымға шықты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив