A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 15:30 0

Өскеменде «Тақиялы періште» қойылымы көрсетіледі

Бүгін / Өскемен / Руханият

23-24 қазан күндері облыс орталығындағы ШҚО драма және оперетта театрында танымал музыкалық қойылымның премьерасы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Тақиялы періште» қойылымының авторлары - Е. Темірбеков пен А. Гладилина.
Басты кейіпкер - 28 жастағы география пәнінің мұғалімі Тайлақ. Ол өте мейірімді, аңқау әрі ұялшақ адам. Оның жұмсақ мінезі мен тақияны тастамай киіп жүргеніне байланысты «тақиялы періште» есімі берілген. Тайлақтың анасы Тана ұлының жеке өмірін өз қолына алуды шешеді. Ол оған мінсіз қалыңдық табу үшін ауылдан қалаға келеді. Осылайша, анасы мен ұлының қалыңдық іздеудегі қызықты да көңілді саяхаттары басталады. 
Қойылымның режиссері - Роман Степенский, қоюшы-режиссері - Евгения Макаревич, ал костюм дизайнері - Еркебұлан Сванов.
- Сіздерді театрға келіп, музыка, әзіл және отбасылық мәні бар қойылымды тамашалауға шақырамыз, - делінген облыстық Драма және оперетта театрының ақпаратында.
Қойылым 23 қазан сағат 18:00-де, 24 қазан сағат 15:00-де басталады.
Мекенжайы: Тоқтаров көшесі, 47А.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив