Аида Батталова қалалық ішкі саясат бөлімінің жаңа басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аида Қабдрасулқызы 1986 жылы 16 мамырда Марқакөл ауданындағы Горное ауылында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2010 жылы Орталық Азия университетінің әлеуметтік-гуманитарлық колледжін, ал 2014 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 2004 жылы Өскемен қалалық полиция бөлімінде бастады. Әр жылдары Ішкі істер департаменті тергеу бөлімінің маманы және жетекші маманы болып жұмыс істеді. Сондай-ақ білім беру, мәдениет және әлеуметтік қызмет көрсету салаларында қызмет атқарды.
2020 жылы Өскемен қалалық ішкі саясат бөліміне ауысты. Бастапқыда ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі секторында бас маманның міндетін атқарушы болып жұмыс істесе, кейін осы секторда бас маман қызметін атқарды. 2022 жылы Аида Батталова сектор меңгерушісі болып тағайындалды.
2024 жылдың қазан айынан бастап қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Пікірлер