A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 16:50 0

Алтай ауданында аю бұзауға шапқан

Бүгін / Алтай

Алтай ауданына қарасты бірнеше елдімекенде аюлар көзге түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ақпарат yk-news сайтында шыққан. Мәлім болғандай, жыртқыш аң Ландман маңында бұзауға шауып, жаралаған. Одан бөлек, Малеевск пен Путинцево ауылдары арасындағы Хамир өзені маңында да ақырған тағы байқалды. Аюдың қонжығы адамдар жиі жүретін демалыс орнында емін еркін жүрген. Желіде таралған бейнежазбада оның ағашқа өрмелеп, кейін адамдарды көрген бойда бұталардың арасымен қашып кеткенін көруге болады. Быково ауылында да аюлар байқалған.

Малеевск ауылдық округінің әкімі Бақыт Исаевтың айтуынша, орман шаруашылығы және аңшылық бөлімінің жедел әрекет ету тобына аю жүргені туралы хабарланған. Округ басшысы соңғы жылдары елдімекендер мен олардың айналасында аюдың байқалмағанын айтты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив