A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 12:15 0

Өскеменде мектептер маңы жарықтандырылып жатыр

Бүгін / Өскемен

Шаһар басшысы Алмат Ақышов бұған дейін жарықтандыру жетіспейтін білім ордаларын аралаған еді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кейіннен кейбір аумаққа көше шамдары орнатылды. Білім беру мекемелеріне іргелес аумақтарды жарықтандыруды жақсарту аясында әкім С.Нұрмағамбетов атындағы №4 және №35 орта мектебіне барды.

Ол мектеп аулалары мен оған іргелес аумақтардағы сыртқы жарықтандыру жағдайын тексеріп, тиісті нұсқаулар берді.

– Мектеп маңындағы жарықтандыру мен жолдар мәселесі күн тәртібінде тұр, – деді Алмат Ақышов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив