458.28 501.45 5.59
A+ A A-

ШҚО жолдарында жол ережесін бұзудың 1000-нан астам дерегі тіркелді

ШҚО жолдарында жол ережесін бұзудың 1000-нан астам дерегі тіркелді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

18-24 қараша аралығында полиция қызметкерлері 1 078 жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегін тіркеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ең жиі кездескен заңбұзушылықтар – қауіпсіздік белдігін тақпау бойынша 509 дерек және маневр жасау қағидаларын бұзудың 301 фактісі. Сондай-ақ 89 жүргізушінің апаттық жағдай туғызғаны және қарсы бағытқа 18 рет шыққаны анықталды.

– Бір апта ішінде көлікті мас күйде басқарған 26 жүргізуші және көлік басқару құқығы жоқ немесе бұл құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырған 58 адам анықталды. Бұдан бөлек, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаудың 46 дерегі тіркелді, – делінген ШҚО Полиция департаменті мәліметінде.

Фото: Finratings.kz

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив