{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}
A+ A A-

ШҚО-да ерекше қажеттілігі бар жандарға өрт жағдайындағы қадамдар түсіндірілді

ШҚО-да ерекше қажеттілігі бар жандарға өрт жағдайындағы қадамдар түсіндірілді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Өңірдегі Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері ерекше күтімді қажет ететін жандармен нысанда өрт болғанда әрекет ету және қауіпсіз эвакуациялау тәртібі бойынша сабақтар өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Өскемен арнайы қызмет көрсету орталығының» қызметкерлерімен бірлесіп, құтқарушылар эвакуациялау ережелері мен шартты түтін жағдайында әрекет ету тәртібін пысықтады. Әсіресе, орталық қызметкерлерінің қозғалысы шектеулі адамдарды қауіпсіз жерге алып шығуна ерекше назар аударылды.

Нұсқаулық барысында өңірдегі ТЖД қызметкерлері нысанда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың, өрт дабылы жүйесі мен эвакуациялау жолдарының жарамды күйде болуын қамтамасыз етудің, сондай-ақ алғашқы өрт сөндіру құралдарының қолжетімді болуының маңызын түсіндірді.

Департамент өкілдерінің сөзінше, әлеуметтік мекемелерде мұндай сабақтарды өткізу қызметкерлердің төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға қолұшын береді. Одан бөлек, орталықта қызмет алатын азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін көрінеді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив