Бір жыл ішінде ауданнан қанша адам көшкені және қанша тұрғын керісінше, қоныс аударып келгені туралы сауалға аудан әкімінің орынбасары Нұртуған Маратұлы нақты жауап бере алмады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскеменде күзгі салым қала, аудан әкімдері 10 айды қорытындылап, БАҚ өкілдері алдында ресми ақпарат ұсынатын. Бүгін Үлкен Нарын ауданы әкімінің орынбасары келді. Әу баста аудан басшысы Елдос Байрахметов есеп береді делінген болатын. Содан қарашаның 23-күні кешқұрым өзгеріс болғаны хабарлады. Мәлім болғандай, ауданға қоныс аударып келгендерге қарағанда, көшіп кеткендер саны басым. Алайда көші-қон көрсеткіштері турасында нақты статистика келтірілмеді.
Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары халықты өңірде тұрақтандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
– Жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несиелер беріліп жатыр. Осының бәрі халықты ұстап қалу үшін жасалуда. Көшіп кеткендер мен қоныс аударушылар туралы мәліметті кейін ұсынамыз – деді Нұртуған Маратұлы.
Әдемі АМАНГЕЛДІ
Пікірлер