455.12 498.99 5.55
A+ A A-

«Әділет» партиясының кандидаттары «Қазаэронавигация» ұжымымен кездесті

«Әділет» партиясының кандидаттары «Қазаэронавигация» ұжымымен кездесті [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Әуе қатынасын дамыту, көлік инфрақұрылымын жетілдіру және шалғай елді мекендердің көлік қолжетімділігін арттыру мәселелері Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына партиялық тізіммен ұсынылған кандидат Серік Оразғалиев пен «Әділет» партиясының сенімді өкілі Роза Мамырбаеваның «Қазаэронавигация» РМК еңбек ұжымымен кездесуінде негізгі тақырыпқа айналды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кездесу барысында партия өкілдері авиация және көлік саласының мамандарына «Әділет» партиясының 2026-2031 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын таныстырып, облыстың көлік жүйесін дамытуға бағытталған негізгі бастамаларға тоқталды.
Шығыс Қазақстан облысы үшін көлік қатынасының қолжетімді болуы айрықша маңызға ие. Өйткені елді мекендердің бірқатары облыс орталығынан шалғай орналасқан. Мұндай жағдайда әуе қатынасы жолаушылар тасымалының баламалы түрі ғана емес, аумақтардың өзара байланысын нығайтып, тұрғындардың ұтқырлығын арттыруға және экономикалық белсенділікті қолдауға мүмкіндік беретін маңызды тетік.
Осыны ескерген «Әділет» партиясының бағдарламасында төрт бағыт бойынша жолаушылар әуе тасымалын субсидиялау шараларын қолдау, сондай-ақ Өскемен қаласында, Зайсан және Катонқарағай аудандарында авиациялық инфрақұрылымды дамыту көзделген.
– Біздің өңір үшін көлік қолжетімділігі – жай ғана қолайлылық мәселесі емес, тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Шалғай аудандардың халқы облыс орталығына жылдам әрі қауіпсіз жетіп, қажетті қызметтерді алып, іскерлік және жеке мәселелерін кедергісіз шеше алуы керек. Сондықтан әуе қатынасын дамыту өңірдің бірыңғай көлік саясатының ажырамас бөлігіне айналуға тиіс, – деді Серік Оразғалиев.

Кездесу барысында көлік жүйесін жетілдіруде білікті мамандардың орны да айрықша екені атап өтілді. Әсіресе авиация саласында әрбір қызметкердің кәсіби білімі мен жауапкершілігі жолаушылар қауіпсіздігіне және әуе қатынасының үздіксіз жұмысына тікелей ықпал етеді.
– Әрбір қауіпсіз рейс артында авиация мамандарының күнделікті қажырлы еңбегі тұр. Олардың кәсібилігі мен жауапкершілігі – тұтас жүйенің сенімді жұмыс істеуінің негізі. Сондықтан инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырғанда техникалық мүмкіндіктермен қатар, осы салада еңбек етіп жүрген мамандардың тәжірибесі мен кәсіби әлеуетіне де басымдық берілуі қажет, – деді Роза Мамырбаева.

   Сөз соңында партия өкілдері қатысушыларды алдағы сайлауда «Әділет» партиясын қолдауға шақырды:
– Біз сіздерді «Әділет» партиясына дауыс беруге шақырамыз. Сіздердің дауыстарыңыз - біздің бағдарламамызда белгіленген бастамалар мен өңірді дамытуға бағытталған нақты жоспарларды қолдаудың көрінісі. Бірлесе күш жұмылдырсақ, Шығыс Қазақстанды көлік қатынасы қолжетімді, инфрақұрылымы заманауи, тұрғындары үшін өмір сүруге қолайлы өңірге айналдыру жолында жүйелі жұмыс жүргізе аламыз, – делінген ақпаратта.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Мекеева Ж.Ж
«Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауда» партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ-ның сайлау қорынан төленді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив