455.12 498.99 5.55
A+ A A-

Қазақстанда жаңа такси қосымшасы пайда болды

Қазақстанда жаңа такси қосымшасы пайда болды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қазақстанда отандық такси шақыру сервисі Qajet Taxi жобасына қолдау көрсету шаралары талқыланды. Мемлекет жобаға бюджеттен қаржы бөлуді жоспарлап отырған жоқ. Алайда картографиялық шешімдерге, серверлік және суперкомпьютерлік қуаттарға қол жеткізуге көмектесуге дайын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жобаның даму мүмкіндіктерін талқылау үшін жұмыс тобының отырысы өткен. Стартап қаржыны өз бетінше, соның ішінде жеке инвесторларды тарту арқылы іздейді.

- Қазір біз оларға қаржылай көмек көрсетіп отырған жоқпыз. Олар жеке инвесторларды тартып, қаржыландыру мәселесін өздері шешеді. Бұл – мемлекеттік қаражат емес. Алайда картография, серверлік және суперкомпьютерлік қуаттар тұрғысынан қолдау көрсетеміз, – деп түсіндірді Жаслан Мәдиев.

Оның мәліметінше, қазір Qajet Taxi қосымшасын 500 мыңнан астам адам пайдаланады. Ал тіркелген жүргізушілер саны 50 мыңнан асады.

Министр цифрлық өнімдер мен сервистер әзірлейтін басқа да отандық стартаптарға технологиялық қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Мысал ретінде inDrive компаниясын атады. Оның айтуынша, компанияны отандық стартап ретінде қарастыруға болады. Себебі негізін қалаушы Қазақстан азаматтығын алған, ал компанияның бас кеңсесі Қазақстанда орналасқан. Сонымен қатар inDrive өзінің картографиялық шешімдерін ұсынуға дайын.

- Осындай басқа да стартаптар мен қосымшалар болса, олармен жұмыс істеуге дайынбыз, – деді министр.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив