448.72 493.86 5.49
A+ A A-

Өскемендегі лицейлердің бірінде тазалық аптасы өтіп жатыр

Өскемендегі лицейлердің бірінде тазалық аптасы өтіп жатыр [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында 16 қарашада басталған «Білімге бастау – болашаққа қадам» шығармашылық апталығы өтуде. Апталық аясында «Пластиксіз өмір» атты көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бастауыш сынып оқушылары ата-аналарымен бірлесе отырып, биіктігі шамамен 1 метр, ені жарты метр болатын ерекше көлемді композициялар әзірледі. Оларды жасау үшін пластикалық бөтелкелер, қақпақтар, бірреттік қасықтар мен шанышқылар, жұмыртқа салатын картон ұяшықтары және басқа да тұрмыстық қалдықтар пайдаланылды.
Қатысушылардың қиялы мен бірлескен еңбегі арқасында күнделікті тұрмыста қолданылатын қалдықтар жаңа сипатқа ие болып, екінші өмірге жол тартты. Көрмеге тұрмыстық бұйымдар мен табиғат элементтерін бейнелейтін сәндік бұйымдар, жануарлар әлемінің көлемді мүсіндері ұсынылды. Пластикалық қақпақтардан жасалған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тақырыптық композиция ерекше назар аудартады. Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық болмысы мен мәдени мұрасын дәріптейтін киіз үй мен алтыбақан бейнеленген жұмыстар да бар. «Таза Қазақстан» бастамасына арналған, оның рәміздері мен ұрандарын қамтитын тақырыптық композициялар да көрме мазмұнын толықтыра түскен.Лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гулназ Жаныбекованың айтуынша, шығармашылық апта аясында «мұғалім – оқушы – ата-ана» қағидаты бойынша бірлескен жұмысқа ерекше мән берілуде. Мұндай өзара іс-қимыл балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ғана емес, сонымен қатар тәрбие жұмысының тиімділігін арттырып, педагогтер мен ата-аналардың ортақ мақсат жолында күш біріктіруіне ықпал етеді.
Көрмемен жұмыс мұнымен аяқталмайды. Ертең педагогтер сыныптарда тақырыптық бұрыштар ұйымдастырып, жасалған композицияларды сабақ барысында көрнекі құрал ретінде пайдалануды жоспарлап отыр. Осылайша, көрме жұмыстары бірлескен шығармашылықтың нәтижесі ғана емес, алдағы оқу-тәрбие үдерісінің де бір бөлігіне айналмақ.
Бастаманың басты мақсаты – балалардың бойында ерте жастан экологиялық мәдениет қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға және қалдықтарды қайта қолдануға үйрету. Сонымен қатар ата-аналарды мектеп өміріне белсенді қатыстырып, бірлескен шығармашылық пен тәрбие жұмысына тарту да маңызды міндеттердің бірі.
Өйткені «Таза Қазақстан» тек таза көшелер мен аулалардан ғана емес, өскелең ұрпақтың бойында қалыптасатын экологиялық санадан басталады.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив