«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Разин ауылдық округіне қарасты Красная Шемонаиха ауылында учаскелік полиция пунктінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шараға ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Рифхат Тауфиков, Шемонаиха ауданының әкімі Ержан Шурманов, ауданның ішкі істер органдарының ардагерлері, қоғамдық ұйым өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.
Жаңа учаскелік полиция пункті «Белокаменское» ЖШС-ның қолдауымен әлеуметтік әріптестік аясында ашылды.
Аталған пункттің ашылуы тұрғындар үшін құқық қорғау қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға және ауылдық округ аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейтуге мүмкіндік береді.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полицияның жергілікті тұрғындармен, қоғам өкілдерімен және әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бизнеспен өзара ынтымақтастығы ерекше маңызға ие.
Пікірлер