Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифиңде облыстық Ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағандықов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Басқарма басшысының айтуынша, қазір өңірде ветеринарлардың орташа айлығы – 220 мың теңге.
– Бізде ветеринарлардың жалақысы төмен. Қазір олар 220 мың теңгенің айналасында алады. Алдағы жылы еңбекақыны көтеруді көздеп отырмыз. Келесі жылы жалақы шамамен 420-450 мың теңге болмақ. Бұл – келесі жылға нақты бекітілген жоспар, – деді Рамиль Сағандықов.
Сонымен қатар сала мамандарын алаңдатып отырған тағы бір мәселе – ветеринариялық пункттердің тапшылығы. Осыған байланысты келесі жылы облыс аумағында жаңа ветпункттер салу жоспарланып отыр.
Әдемі АМАНГЕЛДІ
Пікірлер