444.16 487.29 5.4
A+ A A-

Самар ауданында 2 млрд теңгеге қонақүй салынбақ

Самар ауданында 2 млрд теңгеге қонақүй салынбақ [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Аудан әкімдігі ақпаратынша, бүгінде елдімекенде 71 демалыс базасы жұмыс істейді. Тағы төрт демалыс базасының құрылысы жүргізілуде, оларды 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Туристік аумақтардың көлік қолжетімділігін арттыру мақсатында «Көкпекті – Самар – Васильев өткелі» тасжолында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жағажай аумақтарын абаттандыру және инфрақұрылымды жақсарту бағытында Сарыбел және Новостройка ауылдары маңында жұмыстар орындалып, байланыс нысаны орнатылды. Сондай-ақ аудан аумағында бес санитарлық нысан жұмыс істейді. 
– Биыл ауданның туристік әлеуетін арттыру үшін «Open Air Sarybel» іс-шарасы ұйымдастырылды. Блогерлердің қатысуымен материалдар дайындалып, қазақ, орыс және қытай тілдерінде демалыс базаларының каталогы әзірленді. Алдағы уақытта жағалау аумақтарын абаттандыруды жалғастыру, «Арбат» серуендеу және рекреациялық аймағының жобасын әзірлеу, туристік инфрақұрылымды дамытуға арналған жер учаскелерін бас жоспарға енгізу жоспарлануда. «Pana Asia» компаниясымен бірлесіп, болжамды құны 2 млрд теңгені құрайтын қонақүй салу жобасы қарастырылуда. Басым бағыттар қатарында туристерге арналған визит-орталық ашу және оқиғалы туризмді дамыту да бар, – деді аудан әкімінің орынбасары Сұлтан Мұратұлы.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив