444.16 487.29 5.4
A+ A A-

Самар ауданында 10 медициналық пункт күрделі жөндеуден өтеді

Самар ауданында 10 медициналық пункт күрделі жөндеуден өтеді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Аудан әкімінің орынбасары Сұлтан Амангельдиновтің сөзінше, жыл басталғалы ауруханаға 42 мыңнан астам өтініш түсті. Тәулік бойғы стационарда 900-ден астам пациент, күндізгі стационарда 500-ден астам адам ем қабылдаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мәлім болғандай, аудан көлемінде ана мен бала денсаулығына ерекше көңіл бөлініп отыр. Тоғыз ай ішінде 65 жүкті әйел есепке алынды. Осы кезеңде 52 бала дүниеге келген. Ана өлімі мен перинаталдық өлім тіркелген жоқ.
– Ауруларды ерте анықтау мақсатында скринингтік тексерулер белсенді жүргізілуде. Жатыр мойны обыры бойынша скрининг жоспары 100,8%-ға, сүт безі обыры бойынша 95%-ға орындалды. Ал онкологиялық науқастардың бес жылдық өмір сүру көрсеткіші – 54,7%. Әлеуметтік маңызы бар аурулармен (онкология, туберкулез, жүрек-қантамыр жүйесі аурулары) диспансерлік есепте тұрған науқастар 100% тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз етілген. Шалғайдағы 19 ауылдың тұрғындары үшін өмірлік маңызы бар дәрілік заттарды арнайы дәріхана пунктері арқылы жеткізу ұйымдастырылған, – деді Сұлтан Амангельдинов.
Сондай-ақ 8,5 млн теңгеге 41 медициналық жабдық сатып алынды. Олардың қатарында қорғаныш қаптамасы бар бактерицидтік сәулелендіргіштер, хирургиялық сорғыштар және ЭХВЧ-80-03 электрохирургиялық аппараттары бар. Нәтижесінде медициналық ұйымдарды жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейі 94,7%-ға жетті.
– Қазір аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба аясында аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу көзделген. Бүгінде емхана бөлімшесінің екі қабатты ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар аудандағы 10 медициналық пунктке күрделі жөндеу жүргізу және үш жаңа медициналық пункт салу жоспарлануда, – деді Сұлтан Мұратұлы.
Аудандық аурухананы жаңғырту аясында заманауи жоғары технологиялық жабдықтар сатып алу жоспарға енді. Атап айтқанда, заманауи компьютерлік томограф (КТ), ЛОР-комбайн, жоғары дәлдікті цифрлық рентген аппараты, сараптамалық деңгейдегі ультрадыбыстық аппарат (УДЗ), зертханалық зерттеулерге арналған жаңа анализаторлар және реанимация бөліміне арналған заманауи медициналық жабдықтар.
Аудан әкімі орынбасары қазір аурухана ұжымында 208 қызметкер жұмыс істейтінін, оның ішінде 26 дәрігер және 100 орта буын медицина қызметкері барын алға тартты
– Ауруханаға тағы бес маман қажет: жалпы практика дәрігері, фтизиатр, акушер-гинеколог, рентгенолог және хирург. Тапшылықты азайту мақсатында қолдау шаралары іске асырылуда. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасынан бөлек жергілікті бюджет қаражаты есебінен біржолғы көтерме жәрдемақылар төленеді. Бұдан бөлек, жұмысқа орналасқан дәрігерлер қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Қазір мамандарымыз жетекші клиникаларда біліктіліктерін арттырып, күрделі операциялар жасауды меңгеруде, – деді Сұлтан Амангельдинов.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив