444.76 495.37 5.37
A+ A A-

Емтиханда үш рет сүрінген соң қайта тапсыруға болады: ШҚО-да мамандар толық түсіндіріп берді

Емтиханда үш рет сүрінген соң қайта тапсыруға болады: ШҚО-да мамандар толық түсіндіріп берді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті өкілдері мемлекеттік қызметтер сапасын арттыруға бағытталған қадамдарды тұрақты негізде талдау жүргізеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департамент басшысы Ержан Айқымбековтің сөзінше,
2024 жылы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелері көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жүргізілген талдау барысында бірқатар мәселелер анықталғанын жеткізді.

– Негізгі ұсыныстардың бірі жүргізуші куәліктерін беру жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне өзгерістер енгізу болды. Бұған дейін Қағидаларға сәйкес, практикалық емтиханды үш рет теріс нәтижемен тапсырған жағдайда теориялық емтиханның нәтижелері жойылатын (тапсыру әрекеттерінің саны нөлге теңестірілетін). Бұл ретте жүргізуші куәлігін алуға үміткер теориялық емтиханды қайта тапсыруға екі айдан ерте жіберілмейтін, – деді ол. 

Департамент бюджет түсімдерін ұлғайту мақсатында қызмет алушылардың практикалық және теориялық емтихандарды қайта тапсыру әрекеттерінің санын шектемеу жөнінде ұсыныс енгізді. Атап айтқанда, емтиханды екі рет теріс нәтижемен тапсырған жағдайда, келесі емтихандарды ақылы негізде қабылдау ұсынылды.

– Аталған ұсыныс қолдау тауып, іске асырылды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді. Енді теориялық немесе практикалық емтиханды үш рет теріс нәтижемен тапсырғаннан кейін тиісті емтиханды қайта тапсыру әрекеттері Мемлекеттік корпорация белгілеген тарифтерге сәйкес, алдыңғы емтихан өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен ерте емес мерзімде ақылы негізде жүзеге асырылады, – делінген мәліметте.

Фотосурет: Шартты

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив