444.76 495.37 5.37
A+ A A-

«Күміс жас»: Алтай ауданында жұмыс беруші бюджет қаржысын қайтаруға мәжбүр болды

«Күміс жас»: Алтай ауданында жұмыс беруші бюджет қаржысын қайтаруға мәжбүр болды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Алтай ауданында «Күміс жас» жобасын іске асыру кезінде заңбұзушылықтар анықталды. Жұмыс беруші қызметкерлердің жұмысқа нақты қатысуы туралы бұрмаланған мәліметтер ұсынып, соның негізінде бюджеттен шамамен 4,6 млн теңге субсидия алған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының хабарлауынша, аудан прокуратурасы жүргізген талдау барысында 50 жастан асқан азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік жобаны іске асыру кезінде заңнама талаптарының сақталмағанын анықтады.

Бағдарлама аясында жұмыс берушілерге қатысушылардың жалақысының 60-тан 70 пайызға дейінгі бөлігі бюджет есебінен субсидияланады. Субсидия мөлшері бағдарламаға қатысу мерзіміне байланысты белгіленеді.

Талдау кезінде кейбір қызметкерлердің жұмыс орындарында болмағаны, тіпті аудан аумағынан тыс жерлерге кеткені анықталған. Соған қарамастан, жұмыс уақытын есепке алу табельдерінде олардың толық жұмыс күні мен сағаты көрсетілген.

Осылайша, қызметкерлердің еңбек міндеттерін көрсетілген көлемде нақты орындағаны расталмаса да, жұмыс берушіге мемлекеттік субсидиялар аударылған.

Прокурорлық қадағалау актісінен кейін төленген субсидиялар қайта есептеліп, бюджет қаражатының 4,6 млн теңгеге жуық сомасы мемлекет кірісіне толық қайтарылды.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив