444.76 495.37 5.37
A+ A A-

ШҚО-да құтқарушылар 27 мың үйде түсіндіру жұмыстарын жүргізген

ШҚО-да құтқарушылар 27 мың үйде түсіндіру жұмыстарын жүргізген [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Облыстық Төтенше жағдайдар департаментінің бастығы Рашид Блялов жылыту маусымы басталуымен жер үйлердегі өрт қауіпсіздігіне жіті мән берілгенін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, жылыту кезеңі басталғалы үйлерде 65 өрт тіркелді. Өрттің негізгі себептері сол, азаматтардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға немқұрайлы қарауы. Атап айтқанда, пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан 24 өрт, отпен абайсыз жұмыс істеу салдарынан 19 өрт, электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану талаптарын бұзу салдарынан 15 өрт орын алған. Қалған 7 өрт өзге себептерден туындаған.

Өрт оқиғаларының ең көп саны Өскемен қаласында, Зайсан, Шемонаиха және Глубокое аудандарында тіркелген.

Департамент өкілдері жергілікті атқарушы органдармен, полициямен, волонтерлермен және басқа да мүдделі қызметтермен бірлесіп, өрттің алдын алуға бағытталған ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Соның аясында 27 мыңнан астам тұрғын үй мен аула қамтылып, 70 мың адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

– Биылғы жылыту кезеңінде әлеуметтік осал санаттағы азаматтар тұратын пешпен жылытылатын 2758 тұрғын үй есепке алынды. Аталған үйлердің барлығы 100 пайыз көміртегі тотығы датчиктерімен жабдықталған. Соңғы 5 жылда нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Осы кезеңде орнатылған 17 мыңнан астам датчик, оның ішінде ағымдағы жылы орнатылған 941 құрылғы 42 адамның, оның ішінде 34 баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді, – деп хабарлады ШҚО ТЖД бастығы.

Құтқарушылар өңір тұрғындарын өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Айтуларынша, пешпен жылыту жүйесін пайдалану кезінде мұржаларды уақтылы тазалап, пештердің жарамдылығын тексерген дұрыс. Жанып тұрған пешті қараусыз қалдырмау қажет.

– Электр жабдықтарын пайдалану кезінде электр желілеріне шамадан тыс жүктеме түсірмеу, ақаулы розеткаларды, ұзартқыштарды және қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдаланбау керек, – деді Рашид Блялов.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив