451.87 507.31 5.53
A+ A A-

Өскеменде есірткі таратушы ұсталды

Өскеменде есірткі таратушы ұсталды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

20 жастағы басқа облыс тұрғыны интернет-дүкен үшін есірткі заттарын өлшеп, түйіншектерге салумен айналысқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, осы жұмысы үшін оған криптовалюта түрінде ақы төленіп отырды. 

- Күдіктінің заңсыз әрекетін ШҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел алдын алу шарасы аясында тоқтатты. Жеке тінту кезінде ұнтақ тәрізді зат салынған 350 түйіншек табылды. Ал есірткі заттарын буып-түю жүргізілген жалдамалы пәтерден тағы 28 түйіншек пен екі ыдысқа салынған зат тәркіленді. Сараптама қорытындысы тәркіленген заттардың α-PVP психотроптық заты екенін растады. Жалпы салмағы 635 граммды құрады, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив