Риддер қаласында 61 жастағы Евгений Федоров алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алды. Бұған дейін ол 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын пайдаланып келген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, түрлі жағдайларға байланысты Евгений Александрович ұзақ уақыт бойы Қазақстан азаматының жеке куәлігін ала алмады. Бұл мәселені шешу үшін ол қалалық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне жүгінген.
- Көші-қон қызметінің мамандары қажетті құжаттарды жинауға көмектесіп, тиісті тексерулер жүргізді және мемлекеттік органдарға сұрау салулар жолдады. Нәтижесінде мәліметтер анықталып, жеке куәлік алу үшін барлық қажетті жұмыс аяқталды. Қазан айының соңында Евгений Федоров Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін қолына алды. Енді ол мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерді еш кедергісіз пайдаланып, жеке куәлік қажет болатын басқа да мәселелерін шеше алады, - делінген ресми мәліметте.
Евгений Александрович көші-қон қызметінің мамандарына көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.
Пікірлер