6-7 қараша күндері «Туған жер – алтын бесігім» облыстық жобасы аясында Үлкен Нарын сауданының мәдени күндері ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
6 қараша күні Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының фойесінде жергілікті қолөнершілердің бұйымдары, ұлттық тағамдар мен кәсіпкерлердің өнімдері ұсынылатын көрме болады. Ал сағат 18:00-де аудан өнерпаздарының қатысуымен концерт өтеді.
7 қараша күні сағат 08:00-де Жібек жолы даңғылы, 44 мекенжайында орналасқан «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығының аумағында жәрмеңке ұйымдастырылады.
Ауданның тауар өндірушілері 600 келі бал мен 400 келі балықты арзан бағамен сатады. 1,4 тонна жылқы еті, 1,2 тонна сиыр еті, 300 келі қой еті, 600 литр қымыз жеткізіледі. Сондай-ақ жәрмеңкеде шұжық, консерві және жергілікті өсімдік майын да алуға болады.
Пікірлер