453.64 508.17 5.59
A+ A A-

Шығыс Қазақстан – өсімдік майын өндіретін жетекші өңірлер қатарында

Шығыс Қазақстан – өсімдік майын өндіретін жетекші өңірлер қатарында [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Елде 2026 жылдың тоғыз айында 827,8 мың тонна өсімдік майы өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,2 пайыз артық. Шығыс Қазақстан облысы да жетекші өңірлердің қатарына енді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қаңтар-қыркүйек айларында ел көлемінде өсімдік майын өндіру көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 166,8 мың тоннаға артқан. Айта кетейік, 2025 жылдың тоғыз айында 661 мың тонна өнім өндірілді.
ШҚО-дан бөлек, Абай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалалары да өсімдік майын өндіруде елеулі үлеске ие.
Сонымен қатар Қазақстанда аталған өнім импорты азайып, экспорты артып келеді. Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында елге 128,3 мың тонна өсімдік майы импортталса, өткен жылмен салыстырғанда 6,4 пайыз аз.
Ал экспорт көлемі 704,7 мың тоннаға жетіп, 39,7 пайыз өскен. Осы кезеңде ішкі нарықта 176,9 мың тонна өсімдік майы сатылды.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив