453.64 508.17 5.59
A+ A A-

ШҚО-да 200-ден астам баланың соқыр ішегі алынды

ШҚО-да 200-ден астам баланың соқыр ішегі алынды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының мәліметінше, өңірде жыл басынан бері балаларға 1675 ЛОР ота жасалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ал жарақат бойынша 467 хирургиялық көмек көрсетілді. Бұл статистикаға жараларды күту, күйікті емдеу және стационарлық сынықты бекіту кіреді. Тағы 228 баланың соқыр ішегі алынып тасталды.
Сақтандыру пакетіне күрделі, жоғары технологиялық оталар да кіреді. Нақтырақ айтқанда, сегіз ай ішінде аймақта дәріге төзімді эпилепсияға арналған 10 кезбе жүйкені стимуляциялау отасы және 15 есту аппаратын имплантациялау жасалды. Мұндай медициналық көмектің орташа құны 8-10 миллион теңгеге дейін барады. Бұл оталар қор есебінен, яғни науқастарға тегін жасалды.
Сонымен қатар балалар жүрек пен бауыр трансплантациясына, бағаналы жасушаларды трансплантациялауға және жүректі диагностикалауға қол жеткізе алады.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив