Нысан қазіргі қауіпсіздік стандарттарына сай етіп, заманауи инженерлік құрылымға сай болады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жаңа тергеу изоляторы Защита шағынауданында бой көтереді. Бүгінде құрылыс алаңында құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр.
Облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметінше, қазіргі тергеу изоляторы 1720 жылы құрылған. Ал биыл ғимаратқа 306 жыл толды.
– Соңғы үш жылда қауіпсіздікке деген талаптар, инженерлік жүйе мен арнайы контингенттерді ұстау шарттары өзгерген. Сондықтан жаңа нысан құрылысы қажет. Біздің басты мақсат – жай ғана жаңа ғимарат салу емес, барлық қауіпсіздік, заң мен адамгершілік талаптарына сай келетін заманауи тергеу изоляторын құру, – деді департамент басшысы, әділет полковнигі Рүстем Тұңғышбаев.
Айта кетейік, аймақтың қылмыстық-атқару жүйесін жаңғыртудың негізгі инфрақұрылымыдық жобаларының бірі болатын бұл құрылыс облыстық әкімдік қолдауымен салынуда.
Пікірлер