Бұған дейін қала әкімі Алмат Ақышов Назарбаев даңғылындағы серуендеу аймағын жөндеуді тапсырған болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аллеядағы кіреберіс арка жөнделіп, оған жарықтандыру жүйесі орнатылды. Сонымен қатар абаттандыру аясында жарық шамдарын ауыстыру жоспарланған.
Арка 2014 жылы орнатылды. Бастапқыда осындай құрылымдарды аллеяның екі жағына орналастыру көзделгенімен, кейін бұл жоспардан бас тартылған.
Пікірлер