Тоқты
Айдың басында жаңа достар табуыңыз мүмкін. Ісіңіз ілгерілеп, жеке шот ашып қойсаңыз алда табыс әкелуге жеткілікті болатындай ақша салуға қауқарлысыз. Ауыр жұмысқа араласудың қажеті жоқ, соңғы уақытта денсаулығыңызға мән бермей жүрсіз.
Торпақ
Спорт үйірмелеріне жазылып қойыңыз. Торпақтар үнемі сергек жүруді жөн санайды. Бірлесе істеген жұмыс қашан да нәтижесін береді, сондықтан ұжыммен тату болыңыз. Мол қаржыға кенелуіңіз өзіңіздің еңбекқорлығыңызға байланысты.
Егіздер
Үсті-үстіне қордаланып жатқан тапсырмаларды әріптестеріңізбен бөлісіп орындаңыз. Егер сәтсіздіктер бірінен соң бірі жалғасса мұны ырымға баламаңыз. Барлығы да уақыттың еншісінде, бастысы бағытыңыздан таймаңыз.
Шаян
Дүйсенбі мен бейсенбіде күніңіз қарбаласқа толы болмақ. Соның бел ортасында жүрген Шаяндар апта соңында шаршап, кей тапсырмаларға үлгермеулері мүмкін. Жұлдыздар қазір басшылықпен сөзге келмеуге кеңес береді.
Арыстан
Иммунитетіңіз әлсіреуі мүмкін, сол себепті қазірден бастап соны нығайтудың қамын ойлаңыз. Егер сырқаттанып қалсаңыз, қауырт тірлікті ысырып, жақсылап емделгеніңіз ләзім. Уақтылы тамақтануды да естен шығармаңыз.
Бикеш
Жұмыс жайлы ұсыныстар түссе жақсылап екшеп, жан-жақты ойластыруды қаперде ұстаңыз. Тіпті бұл тұрғыда дос-жарандарыңызбен кеңесу артықтық етпес. Қараша айының 1-і сіз үшін ерекше күн болғалы тұр.
Таразы
Мүмкіндігінше оңашада қалмаған жөн, қайта көпшілік баратын орындарға атізін салыңыз. Концерттер көріп, театрға барсаңыз рухани серпіліп қайтасыз. Кенет күрделі ойлар мазаласа оңаша қалып, өзіңізге есеп беріңіз.
Сарышаян
Апта басы тосын жаңалықтар мен тапсырмаларға толы болмақ. Мұндай қарбаласқа төтеп беру үшін қала сыртына шығып, тынығып алғаныңыз жөн. Сәрсенбі, бейсенбі күндері қаржылық қиындықтар туындауы ғажап емес.
Мерген
Мергендерге маңызды тапсырмаларды апта басында бірден еңсереді. Жаңа таныстық орнатасыз. Демалыс күндері арман аруыңызды жолықтырып, махаббат кемесіне мінуге мүмкіндігіңіз мол. Тек өзіңізге деген сенімділікті жоғалтпаңыз.
Тауешкі
Қызметіңізде басшылық ауысып, бірқатар өзгеріс болғалы тұр. Көптен бері көңіл бөле алмай жүрген отбасыңызбен табиғат аясына шығуға қолайлы кез. Қолыңыз тисе әдеби кітаптар оқуға тырысыңыз.
Суқұйғыш
Сүйіктіңізбен әлдененің байыбына бара алмай, сөзге келіп қаласыз. Әліптің артын бағып, сабырлы қалып танытыңыз. Жүйкеге салмақ түсірер жайттардан бойыңызды аулақ ұстаған жөн.
Балықтар
Түйіні тарқамаған мәселелер аз емес. Ұсақ-түйекке бола уайымдамауға тырысыңыз. Достарыңыз аяқ асты көмекке шақырып, қоңырау шалса бас тартпаңыз. Кез келген уақытта сіздің де олардан қолұшын сұрайтыныңыз ғажап емес.
Пікірлер