Өскемендегі «Восток» стадионында Қазақстан Премьер-лигасының 29-туры аясында жергілікті «Алтай» мен семейлік «Елімай» командалары кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ойынды облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов стадионнан тамашалап, жергілікті командаға қолдау көрсетті.
Маусымдағы үйдегі соңғы матч жанкүйерлерге тартысты ойын мен жарқын сәттер сыйлады. Екі команда да жеңіске ұмтылып, алаңда соңғы минуттарға дейін күрес жүргізді. Кездесу қорытындысы бойынша есеп 2:2 болды. «Алтай» сапынан Д.Стоисавлевич пен Д.Додев мергендік танытты.
Үйдегі соңғы матч аяқталғанымен, клубты алда тағы бір ойын күтіп тұр. Нақты айтқанда, 31 қазанда алматылық «Қайратпен» жолықпақ.
Пікірлер