A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 18:30 0

Өскеменде құтқарушылар аллея маңында тал екті

Бүгін / ШҚО

Өңір құтқарушылары «Менің Қазақстаным» патриоттық челленджі аясында Республика күніне орай тал екті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өрт сөндірушілер мен құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері отырғызған қылқан жапырақты көшеттер тұрғындар жиі серуендейтін Ертіс жағалауындағы аллея көркін арттырып, оның ажырамас бөлігіне айналады.

Ведомство өкілдері атап өткендей, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатқа қамқорлық жасау – бір реттік акция емес, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын игі дәстүр. Өрт пен даладағы түрлі апат зардаптарын жою кезінде табиғаттың қаншалықты осал екенін өз көзімен көретін құтқарушылар сақталып, отырғызылған әр ағаштың қадірін жақсы біледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив