A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 10:30 0

19-25 қазан аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Бүгін / Жұлдыз жорамал

Тоқты
Қаражат тұрғысынан ісіңіз ілгерілейтін сәт жақындап қалды. Табысты әрі қарай көбейту үшін қосымша ақша салсаңыз еш ұтылмайсыз. Бұл уақытты барынша жаңа таныстарыңызбен тіл табысуға арнаған жөн. 
Торпақ
Өзіңізді дамытып, кәсіби біліктілігіңізді арттыратын кезең. Оны қолға алатын күнді Жұлдыздар қазан айының 22-сі деп бекітті. Еріншектікке жол бермесеңіз жұмыста біршама жетістікке жетуге мүмкіндік бар.
Егіздер
Күрделі жобалар мен тапсырмаларға бір өзіңіз кіріспеңіз. Әріптестеріңізбен қоян-қолтық жұмыс істесеңіз ортақ жеңістің ауылы алыс емес. Апта ортасында дәрігерлер кеңесіне жүгініңіз, ескі жарақаттар сыр бермесін.
Шаян
Ұжымда жұмыс көбейе түспек. Қордаланған шаруаның бел ортасына жетсеңіз демалысқа жол беруге болады. Жұлдыздар қазір басшылықпен сөзге келмеуге кеңес береді: сенімінен қағылуыңыз кәдік.
Арыстан
Күздің көңілсіз кескіні мен қауырт тірлігі әлсірете түсіретіндей. Сол себепті дәрумендер тұтынып, иммунитетіңізді нығайту қажет. Отбасында аз-маз келісіпеушіліктер болуы мүмкін, салқынқанды болыңыз.
Бикеш
Жан-жақтан жұмыс бойынша түрлі ұсыныстар түсуі мүмкін. Оған келіспес бұрын сондай өзгерістерге дайынсыз ба, жоқ па, жақсылап ойланған жөн. Қазан айының 25-і сіз үшін ерекше күн болмақ.
Таразы
Үйде отырғаннан гөрі ел-жұртпен пікір алмасыңыз. Әралуан ойлар жаңа жоспар құруға негіз болады. Нәзік жандылармен әңгіме-дүкен құрсаңыз өмірге жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік аласыз.
Сарышаян
Бұл апта жұмыста да, отбасы шеңберінде де қарбалас өтеді. Күш-қуат жинау үшін демалыс күндерін қала сыртында өткізген дұрыс. Уақ-уақ әмияныңызға қарап тұрмасаңыз аптаның алғашқы күні қаржылық жағдай шиеленісуі мүмкін.
Мерген
Қазір жалғызбасты Мергендердің айы оңынан туады. Басшылық жұмыстағы лауазымыңызды өсіріп, балаңыз әлдебір жетістікке жетуі мүмкін. Дегенмен қуанышыңызды көпке жария ете берудің теріс тұсын да ескеріңіз.
Тауешкі
Жұмыста қойылар талап күшеюі мүмкін. Өзіңізді үздік қырыңыздан көрсетсеңіз еңбегіңіз міндетті түрде бағаланбақ. Қолыңыз босап жатса, спортпен шұғылданып, отбасыңызбен серуенге шығып қайтыңыз.
Суқұйғыш
Апта бойғы тыныштықтан соң шаңырағыңызда жоқ жерден ұрыс-керіс шығып, екі оттың ортасында қаласыз. Мұндайда ешбір жаққа өтпегеніңіз дұрыс. Күйзеліске жол бермеңіз: күш-қуатыңызды едәуір азайтады.
Балықтар
Әр жерден қоңырау шалып, қарыз сұрап, мазалап жіберетін сәттер көбейеді. Маңызды тапсырмаларды мүлтіксіз орындау үшін ұсақ-түйек мәселелерге көз жұма қараңыз. Жұлдыздар эмоцияңызды сақтауға кеңес береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив